Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
Билік 5651 21 пікір 28 Наурыз, 2017 сағат 15:12

Қазақстан Президенті Дубай халықаралық қаржы орталығында болды

Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Абай-Ақпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Мемлекет басшысы кездесу барысында DIFC қызметімен және  орталықтың бұдан әрі қарай даму перспективасымен танысты. Қазақстан Президентіне Дубай халықаралық қаржы орталығы құрылған кезеңнен бері оның Дубай қаласының ішкі жалпы өніміне қосқан үлесі 8%-ға жеткені туралы мәлімет берілді.

 

Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысын ұйымдастыру барысында біздің еліміз Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесін зерттеп, қолданып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, орталықтың жұмысын одан әрі тиімді жүргізу мақсатымен бірқатар шаралар іске асырылғанын айтты.

 

Қазақстан Президенті Астана орталығы базасында құрылатын Еуразия аймағындағы жетекші қаржы құрылымы ретінде Астана халықаралық қаржы орталығын дамыту жөніндегі өз ойларын ортаға салды. Келіссөз соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері мен одан әрі даму перспективаларын талқылады.

 

Абай-ақпарат

 

21 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 466
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1721
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 433
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 413