Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 6036 0 пікір 11 Маусым, 2015 сағат 16:21

ҮСЕНОВ ХИКАЯСЫНЫҢ ЖАЛҒАСЫ

Автокөлікпен «адам қаққыш» Мақсат Үсеновтіңтің әкесі Қажымұрат ҮСЕНОВ кеше Астанада уақытша қамауға алынды.

ҚазТАГ агенттігіне сенімді көзден хабарланған мәліметтерге қарағанда, «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы құрылыс департаментінің экс-директоры ҚАЖЫМҰРАТ мырза не үшін уақытша ұстауға алынды – әзірге бұл туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Есімізге түсіре кетер болсақ, Қажымұрат Үсеновтің ұлы Мақсат Үсенов осыдан бір жарым жылдай уақыт бұрын жеңіл автокөлікпен Алматыда бір адамды қағып өлтіріп, бірнеше адамды ауыр жарақаттаған болатын. Алайда жауапкершіліктен тек айыппұл төлеумен құтылып кеткен осынау сенсациялық оқиғадан кейін өз еркімен өтініш жазып, департамент басшылығынан кетті делінген әкесі ҚАЖЫМҰРАТ, нақты емес кейбір мәліметтерге қарағанда, соңғы кездері осы «ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясында кеңесшілік қызмет атқарып жүрген көрінеді. Оған, ресми емес мәліметтерге қарағанда, ЭКСПО-2017 аумағында жұмыс істеп жатқан бірнеше құрылыс компаниясының мүддесін қорғап жүр деген айып тағылған көрінеді.

Марат МАДАЛИМОВ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347