Жексенбі, 6 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5345 0 пікір 28 Мамыр, 2015 сағат 14:15

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Ислам хрестоматиясы шығады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар Кеңесінде Қазақ хандығының айтулы 550 жылдық мерейтойына орай қазақ топырағында сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан дәстүрлі дініміздің асыл құндылықтары туралы арнайы ғылыми Ислам хрестоматиясын шығару қажеттігі айтылды деп хабарлайды ҚМДБ-ның Баспасөз қызметі.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұл бастамасын Ғұламалар Кеңесінің мүшелері бірауыздан қолдады. Ғылыми кітапқа орта ғасырлық кезеңдегі, қарахандықтар, Алтын Орда – Қыпшақ дәуіріндегі, Қазақ хандығы тұсындағы діни еңбектер, дастандар мен рухани шығармалар енеді.

«Ислам хрестоматиясын шығарудағы мақсатымыз – өткеннен сабақ алу, жастарды имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке, бірлікке, Отансүйгіштікке тәрбиелеу», – деді ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы.

Кеңес отырысында Ислам хрестоматиясын қасиетті Рамазан айында шығару жоспарланды.

 

Абай-ақпарат 

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 918
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2376
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 623
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 602