Жұма, 22 Қараша 2024
Осы ғой енді... 6356 0 пікір 28 Мамыр, 2015 сағат 10:05

«АНТИГЕПТИЛЬ» ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІСІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Abai.kz ақпараттық порталының электронды жәшігіне « Азматтардың қақын қорғаушы, «Антигептиль» қозғалысының белсендісі – Болатбек Біләлов қамауға алынды» деген хабар келіп түсті.

Болатбек Біләлов өз үйінің ауласында тұтқындалып, Астана қаласы Ішкі істер басқармасының ғимаратына жабылған. Әзірге қозғалыс белсендісіне қандай айып тағылғаны белгісіз. Белсендімен ешкім тілдесе де алған жоқ. Алайда, аталған қозғалыс мүшелері Біләловтың қамауға алынуын Бәйтерек монументінің қасында өтуі тиіс қарсылық акциясымен байланыстырады. «Антигептильшілер» бүгін киіктердің қырғынына байланысты экологиялық акция өткізуді жоспарлаған болатын. Соңғы деректерге қарағанда, апатқа ұшыраған киіктердің саны 120 мыңнан асқан. Таяуда аталған қозғалыс мүшелері Мемлекет басшысының атына ашық хат жариялап, Байқоңырда ұшырылып, кезекті рет қазақ жеріне құлаған «Протон» зымырантасығышы: «Даламызға у сеуіп жатыр. Киіктер қырғынана бірден бір себепкер сол» деген болатын.  

«Киіктер қырғынына гептилдің қатысы бар деп білеміз. Осы жылдың 16-мамыры күні Байқоңырдан ұшқан Ресейдің «Протон» зымыраны жерден көтерілген соң 500 секунттан кейін апатқа ұшырады.

Ал, ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің ресми ақпараты бойынша, 17-мамыр күні, яғни зымыран құлағанның ертесі,  Бетпақдаладағы "Ырғыз-Торғай" табиғи резерватында алғашқы 4 киіктің өлігі табылған» дейді қозғалыс мүшелері.

Сонымен бірге, қозғалыс мүшелері Қарағанды облысының тұрғындарының мәлімдеуі бойынша, киіктердің жаппай қырылуына  Қарағанды облысы Балқаш көлінің батысы мен Бетпақдала аумағын қамтып жатқан Сарышаған әскери-жаттығу полигонында жасалған сынақтың себебі болуы ықтимал екенін мәлімдеген еді.

"Болатбек Біләловтың қамауға алынуы киіктердің қырылуына алаңдаған «Антигептильдің» акциясына жол бермеу болып табылады", - дейді қозғалыс белсенділері.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282