Сенбі, 23 Қараша 2024
Қауіп еткеннен айтамын 6715 0 пікір 20 Мамыр, 2015 сағат 09:21

АЭС – АДАМ МЕН ТІРШІЛІККЕ ҚАУІПТІ

 

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.Ә. Назарбаевқа 

 

Көшірмесі: БҰҰ қауіпсіздік Кеңесіне  

 

БҰҰ мүше елдерінің басшыларына

 

ОБСЕ

 

МАГАТЭ 

 

«Қазақстан Республикасында  

Атом Электр стансаларын

салуға тиым салу туралы»                                          Қазақстан азаматтарына!

 

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

 

1991 жылғы Семей полигонының жабылуы атом қаруын таратпаудағы маңызды қадам және әлемде қарусыздандырудағы үлкен жетістік болды.

1949-1991 жылдары Семей, Тайсойған, Азғыр полигондары мен басқа жерлерде жер астында, жер бетінде және ауада 500-ден астам атомдық жарылыстар болды. Семей – ол сынақ жылдары қоршаған ортаға ондаған миллиард кюри радионуклид бөлінген әлемдегі ең ірі атом полигоны.

Осы полигон аймағында тұрып жатқандардың ішінде екі басты, қолы не аяғы жоқ т.б. сәбилердің дүниеге келуі жиі кездеседі. Бұл аймақта онкологиялық аурулардың деңгейі республикадағы орташа статистикалық көрсеткіштен он есе, суицид 16 есе көп. Радиоактивті элементтердің жартылай ыдырау мерзімі ондаған жылдардан бес жүз мың жылға дейін болғандықтан олардың тіршілікке кері әсері әлі ұзақ уақыт сезілетін болады.

БҰҰ дерегі бойынша, Қазақстан, тұрғындарының өмір ұзақтығы мен денсаулық деңгейі бойынша әлемде 128-ші орында. Біздің елдегі тұрғындардың орташа өмір ұзақтығы 67,4 жасты құрайды. Бұл көрсеткіш Қырғызстан мен Өзбекстанда- 68, Алжирде -73,  Гондураста -73,4 жас.

Жоғарыда аталған елдерден қазақстандықтардың тұрмыс деңгейі жоғары болғанымен олардың денсаулықтары мен өмір ұзақтығының төмен болуы атом полигондарының, «Байқоңыр»  ғарыш айлағының және бүгінгі күнде 11 млн гектардай жерде балластикалық ракеталар және басқа қаруларды сынақтан өткізіп жатқан әскери полигонның кері әсерінен. Бұл полигон аймағында жабайы және үй жануарларының жаппай қырылуы жиі кездеседі. Мысалы, Капустин Яр полигоны аймағында бұрын жылқылар жаппай қырылса, 2010 жылы «белгісіз себептен» 12,4 мың киік өлді.

Әскери полигондардың аймағындағы онкологиялық аурулардың деңгейі орташа статистикалық көрсеткіштерден 12 есе, ал космодром мен әскери полигон аймағындағылардың орташа өмір ұзақтығы 57-59 жастан аспайды.

Бүкіләлемдік Денсаулық Ұйымының деректері бойынша Қазақстан әйелдер арасында суицидтен әлемде үшінші орын, 12-19 жастағы қыздар арасында бірінші орын алады.

1929-1932 жылдары биліктің жасанды ұйымдастырған аштығының салдарынан 4 млнға жуық қазақстандық (тұрғындардың 62-63%), 1937-1938 жылдары 60 мыңдай зиялы қауым өкілі, атом полигондары мен Арал апатының салдарынан бейбіт уақытта 3,5 миллиондай отандасымыз қайтыс болды.

Жүргізілген сауалнама ел тұрғындарының 95% АЭС құрылысына қарсы және бұл жобаны бұрынғы халыққа қарсы жасалған геноцидтердің жалғасы деп қабылдайтынын көрсетті.

Әлемде атом энергиясын қауіпсіз пайдалану және оның қалдықтарын қауіпсіз сақтау технологиясы жоқ. Сондықтан, Португалия, Англия АЭС-тен толығымен бас тартып, Франция және басқа елдер оның санын жартылай қысқартты. Голландия энергияның 75% баламалы көздерден алуда. Еуроодақта 2020 жылға баламалы энергетиканың үлесін 20%-ға жеткізу көзделген.

Фукусимодағы апаттың әлемдік мұхиттың үштен біріне улану қаупі төнгеннен кейін әлемнің барлық елдері атом стансаларынан жүйелі түрде бас тартуда.

Қоғаммен санаспай Курчатов пен Балқашта салуға жоспарланған АЭС кез-келген уақытта келесі Чернобыль не Фукусимаға айналып, Қазақстанды өмір сүруге мүмкін емес аймаққа айналдыру қаупі бар. Бұл жобалар экономикалық тұрғыдан негізделмеген, экология және қауіпсіздік тұрғысынан адам мен тіршілікке қауіпті. Сонымен қатар, елде атом энергетикасы саласында мамандар дайындалмаған, тиісті оқу орындары, өндірістік күштер мен технология жоқ.

В. Школьниктің, «екі атом стансасы салынған жағдайда, ол Пәкістан мен Ауғанстанды электр энергиясымен қамтамасыз етеді», деген Парламент депутаттары алдындағы утопиясына бастауыш сынып оқушыларын да сендіре алмайсың.

ЭКСПО-2017 жобаларын тиімді пайдаланған жағдайда Қазақстан алдағы жылдары электр энергиядағы қажеттілігінің 30%  электр қуатын беретін балама көздерден алуға мүмкіндігі бар. Алдағы 50-60 жылда Қазақстан өзіне қажетті қуатты көмірсутегі, көмір, су және басқа балама көздерінен түгелдей қамтамасыз ете алады.

Мамандардың есебі бойынша, АЭС-ке кететін шығынның жартысына балама көздер арқылы атом стансасымен бірдей қуат алуға болады, және ол жағдайда эколгия мәселесі толығымен шешіліп, дамыған елдердегідей электр қуатын ел игілігіне жарату қызметі жеке меншікке беріледі.

Жоғарыдағыларды ескеріп, «Нұр-Отан», ОСДП «Ақжол», «Азат» партиялары, «Самырұқ-Қазына» ХӘҚ» АҚ, «Казэнерджи» қауымдастығы, ҰКП «Атамекен», Қазақстан Халқы Ассамблеясы, ҚР ҰҒА, Қазақстан ғалымдар қауымдастығы, ҚР жазушылар Одағы, Қазақстанның қаржыгерлер, тәуелсіз кәсіпкерлер және ректорлар қауымдастығы 2012 жылы құрған Ұйымдастыру комитеті Үкіметке Халықаралық Адам институтының, құрамында 3500 атақты ғалым, оның 87-сі Нобель сыйлығының лауреаттары істейтін        Әлемдік инновациялық Қормен және әлемнің алдыңғы қатарлы технологиялық компанияларының қатысуымен дайындалған «Қазақстанның жаңа индустриальдық бағдарламасын» (ҚЖИБ) ұсынады. Бұл бағдарлама бойынша Қазақстан атом стансасыз бейтараптық пен ядролықсыз статусты  сақтап, қарқында дамиды.  

ҚЖИБ, «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында БҰҰ стандартына сай дайындалған.

Қазақстан үшін бүгінгі күннің негізгі міндеті $10 млрд сырттан алынатын қарызға немесе бюджеттің есебінен ешқандай қажеті жоқ АЭС салу емес, қысқа уақытта дағдарыстан шығу шараларын іске асыру.

Ел болашағы жолындағы еңбегіңіздің табысты болуын тілей отырып, ұлттың денсаулығы, елдің қауіпсіз және тұрақты дамуы үшін  қажетсіз әрі қауіпті АЭС құрылысынан бас тартатыныңызға және оны әлемдік қауымдастықтың қолдайтынына сенеміз.

 

Құрметпен,

 

ӘКІМ Жанұзақ – Халықаралық Адам институтының президенті, ҚР Ұлттық

                            Жаратылыстану ғылымдары Академиясының корр.-мүшесі,

Еуропа жаратылыстану ғылымдары Академиясының мүшесі;

СӘБДЕН Оразалы – Қазақстан ғалымдар одағының Төрағасы, ҚР

                           мемлекеттік сыйлығының иегері, экономика

                            ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық Инженерлік

                            Академиясының академигі;

СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас – «Невада-Семей» халықаралық антиядролық

                               қозғалысының Төрағасы,

ШАХАНОВ Мұхтар -  «Тәуелсіздікті қорғау» халықтық-демократиялық

        қозғалысының Төрағасы, Қазақстан Республикасының

                                      Төтенше және өкілетті елшісі, ақын;

ӘУЕЗОВ Мұрат –  М.О.Әуезов атындағы қордың Төрағасы, Қазақстан

                                  Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі, ғалым; 

ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс – Қазақстанның экологиялық Одағы мен кәсіпорындары

                                      «Табиғат» қауымдастығының Президенті;

ТҰЯҚБАЙ Жармахан – ОСДП «Ақжолдың» Төрағасы, мемлекет және

                                          қоғам қайраткері; 

АХАНАЕВ А           - ҚР Өнер Академиясының Президенті, ҚР мемлекеттік

                                     сыйлығының иегері,  ҚР еңбегі сіңген қайраткері,

                                     Әлем Шебері;

ТОҚАШБАЕВ Марат - «Президент және халық» газетінің Бас редакторы,

                                      ҚР ПҒА академигі, профессор;

ҒАБЖӘЛЕЛОВ Хайрулла - «Алаш» тарихи-зерттеу Орталығының

                                      президенті, Социология ғылымдары Академиясының

                                      академигі, ҚР өнер қайоаткері;

ЖӘКЕЕВ Ғабиден – Ғ.М.Мүсірепов атындағы қордың Төрағасы;

АБАҒАН Мұқтархан – Кенесары Хан қоғамдық қорының Төрағасы;

ОШАНБЕКОВ Нұржан -                                                                                                    

 

Бұл хат-бағдарламаны қолдаған шетелдік қоғамдық ұйымдар мен оқу орындары:

          «Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмауға» (IPPNW) халықаралық қозғалысы;

          GENSUIKIN – Ядролық және Сутегі қаруына қарсы Жапон конгрессі;

          Greenpeace Internationalдан (GPI) тұратын Халықаралық тәуелсіз үкіметтік емес экологиялық ұйым және:

-         17 халықаралық ұйым;

-         Әзірбайжан, Түркия, Белорусь, Ресей және Францияның университеттері мен академиялары...

 

ҒАББАСОВ Совет-Хан - медицина және педагогика ғылымдарының  

                                    докторы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет

                                    сыйлығының лауреаты, Халықаралық М.Нострадамус

                                    атындағы Академияның академигі;

ҚАБЫШҰЛЫ Ғаббас - жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының

                                    лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі; 

ҚИРАБАЕВ Серік – филология ғылымдарының докторы, профессор,

                                 академик;

ҚАЙДАРОВ Әбуғали - филология ғылымдарының докторы, профессор,

                                 академик;

АЙТБАЕВ Өмірзақ - филология ғылымдарының докторы, профессор,

                                 академик, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының

                                   Төрағасы;

ҚАЛМАТАЕВ Мұрат – генерал-майор, мемлекет және қоғам қайраткері;

МЫРЗАХМЕТОВ Мекемтас - академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының

                                 лауреаты;

ӨТЕЛБАЕВ Мұхтарбай - физика-математика ғылымдарының докторы,

                                   профессор, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының

                                   лауреаты;

РАҚЫШЕВ Баян – ҚР ғалымдар Одағының вице-президенті, ҚР ҰҒА

     академигі, ҚазҰТУ кафедра меңгерушісі;

ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш – Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік

                                   сыйлығының лауреаты;

ИСАБЕКОВ Дулат - «Мәдениет» журналының бас редакторы, жазушы-

                                   драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;

СМАТАЕВ Софы - жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының

     лауреаты;

ЕЛУБАЙ Смағұл - жазушы, ПЕН-клубының вице-президенті;

АРАЛБАЙ Нұғман – биол. ғылымдарының докторы, профессор,  

                               «Жаратылыстану ғылымдары және иновациялық

                               технологиялар» ҒЗИ директоры;

                              

КАПЕКОВА Гулнар – Қазақстан ғалымдар Одағының Алматы облысы

                               бойынша  филиала директоры, тарих ғылымдарының

                               докторы, профессор;

НЕСИПБАЕВА Калия – тарих ғылымдарының докторы, профессор;

БУРБАЕВА Галия – ғалым;

БАТТАЛОВА Зәуреш - «Баспананы халыққа қалдырайық» қозғалысының

                                    төрайымы;

 ҚОЙШЫБАЕВ Бейбіт- тарих ғылымының кандидаты, «Әділет» тарихи-

                                    ағарту қоғамының президенті;

ҚАЛЫБАЙ Мақсот - Қазақстан Республикасына ерекше еңбегі сіңірген

                                    зейнеткер;
НҰРЫПБАЕВ Мақсат - «Антигептил» қозғалысының ұйымдастырушысы;                                

БАБАМҰРАТ Дәурен -  «Болашақ» жастар қозғалысының лидері;

ЕРҒАЛИЕВА Баретта - Қазақстанның «Демократия және құқық»

                                 халықаралық тарихи-құқық орталығының төрайымы;

РАҚЫШЕВ Еркін - «Жас Ұлан» киностудиясының директоры;

ҚОСАНОВ Әміржан –қоғам қайраткері, тәуелсіз саясаткер;
АЛИБАЕВ А     - экономист
КЕНЖЕБАЙ Мырзан – ақын, ҚР мәдениет қайраткері
ТӨРЕХАНОВ Эрнст - қоғам қайраткері;
САРЫМ Айдос -  Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшісі;

ШЫМШЫҚОВ Жанкелді  - Астана қалалық «Тәуелсіздікті қорғау» ХДҚ

                                   ұйымдастыру комитетінің төрағасы;

МҰҚАНҒАЛИЕВ Ермек - өміртанушы;

МАМАЙ  Жанболат - журналист, қоғам қайраткері;

ҚАПТАҒАЙ Қ....... -  «Халық дабылы» қозғалысының төрағасы;

ҚУАТ  Дәурен - «Абай.kz» ақпараттық порталының бас редакторы;

СӘДУҰЛЫ Б.......... «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;

ӘЗІМБАЙ Ғали, саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;

СӘРСЕНБАЙ Рысбек  - «Жас Алаш» газетінің бас редакторы, қоғам

                               қайраткері;

 БАПИ ермұрат - «ДАТ» жобасының жетекшісі, қоғам қайраткері;

 АЙҒАЛИҰЛЫ Е. - «Қазақстан-Заман» газетінің бас редакторы;

ҚАЛЫБАЙ  Жарылқап - «Жұлдыздар отбасы-АҢЫЗ АДАМ»

                            журналының бас редакторы;

ҒАЛИ Әзімбай - саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы;

КӘРІПЖАН Аманғазы - ақын;

МҰҚАНОВ Дәурен - аудармашы, әдебиеттанушы;

КӨШІМ Дос -"Ұлт тағдыры" қозғалысының төрағасы;

НҰР-АХМЕТ Дос -"Ұлт патриоттары"қозғалысының төрағасы;

АЙЫПҰЛЫ Рахым - «Жебеу» РҚБ орталығының бас директоры;

ТАЙЖАН Мұқтар -  Болатхан Тайжан атындағы қордың президенті;

БӨТЕЕВ М. - «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының төрағасы;

ТӘЛІМҰЛЫ К. - Талғар аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталығының

 директоры;

АШУҰЛЫ  Ж. - Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар

                            қауымдастығының төрағасы;

МҰХТАРБЕК С. - журналист, қоғам қайраткері;

ҚАНАФИЯ Назарбек - филология ғылымдарының кандидаты;

УАТҚАН Марат - журналист;  

ҚЫСТАУБАЕВ Геройхан - қоғам қайраткері; 

АҚЖІГІТ Ө. - тәуелсіз журналист;

БЕРКІМБАЙ Ардақ – жорналист, зерттеуші;

ТАЛЖАНОВ Курманғазы – «Inregrites Kazakhstan” ЖШС Басқарушы

                            серіктесі;

ШТОКОЛЬ Светлана - «Inregrites Kazakhstan” ЖШС серіктесі;

АХМЕТОВА Меруерт - «Inregrites Kazakhstan” ЖШС Заңгер-хатшысы;

ТАБЫНБАЕВ Азан - «Inregrites Kazakhstan” ЖШС заңгердің көмекшісі;

АЛЕЕВА Динара - «Inregrites Kazakhstan” ЖШС маркетинг бойынша

                            менеджер;

ТАЛЖАНОВ Нургазы – бизнес-администратор;

КӘРІПЖАН Аманғазы - ақын;

ҚҰТТЫ Кеуімілжай - қоғам белсендісі;
МЕРГЕНБАЙ Сағидолла - қоғам белсендісі;

ТОҚАЙ Бірлік – журналист;
АЙТМЫРЗА Құрманғазы – желтоқсаншы

 Abai.kz



 

  

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343