Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 6112 0 пікір 28 Сәуір, 2015 сағат 13:42

ҒАРЫШКЕРЛЕР ЕЛБАСЫН САЙЛАУДАҒЫ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Сайлаудағы айқын жеңісімен Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау тек саяси қайраткерлер мен түрлі мемлекет басшыларынан ғана емес, ғарыштан да жетті. «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінің экипаж мүшелері Қазақстан халқы мен Мемлекет басшысын үлкен жеңіспен құттықтады. Сіздердің назарларыңызға Халықаралық ғарыш станциясынан эксклюзивті бейнежазба ұсынамыз.

«Союз ТМА-16М»  ғарыш кемесінің бірінші ғарышкері:

- Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Халықаралық ғарыш станциясының экипажы Геннадий Падалка, Михаил Корниенко және Антон Шкаплеров Сізді сайлаудағы айқын әрі сенімді жеңісіңізбен құттықтайды. Біз саяси науқан кезінде қасиетті Қазақстан жерінен әуеге сәтті көтерілдік. Сайлау барысын бақыладық және Сізбен бұл қуанышқа ортақтасамыз.

«Союз ТМА-16М»  ғарыш кемесінің екінші ғарышкері:

- Бүгінде Сіздің арқаңызда бүкіл әлем Қазақстанды бейбітшілік пен бірліктің мекені деп біледі. Сіз тек бітімгер басшы ғана емес, халықаралық ғарыш саласын дамытуға қомақты үлес қосқан адам ретінде танылдыңыз. Елдің бейбітшілік ұстанымдағы саясаты көптеген мемлекеттерге үлгі болды. Қазақстан ғарыштан жақсы көрінеді. Ол – қуатты, мықты, әдемі ел. 

«Союз ТМА-16М»  ғарыш кемесінің үшінші ғарышкері:

- Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен алдағы уақытта да өзінің дамуында ғарыштық деңгейдегі белестерді бағындырады деген сенімдеміз! Біз барлық Қазақстан халқына ынтымақ пен береке тілейміз. Жеңіс құтты болсын! 

Дереккөз: khabar.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 790
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2112
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 533
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 510