Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4919 0 пікір 23 Сәуір, 2015 сағат 14:43

ХАЛЫҚ ҮШІН ҚОЛЖЕТІМДІ БАНК

Бүгін Астанада «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» акционерлік қоғамы Астана филиалының орталығында ашық есік күні өтті. Айта кетерлігі, бұл шара дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді.

Ашық есік күні аясында қызметкерлер тұрғындарға банктің жаңа қызмет функцияларын таныстырып, клиенттерге көрсетілетін ыңғайлы қызмет түрлері бойынша кеңес берді. Іс-шараға банктің салымшылары, әр уақытта «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне» сенім білдіріп, тұрақты клиенті болып келе жатқан тұрғындар құрметті қонақ ретінде шақырылды. Ашық есік күні филиал қызметкерлі ұйымдастырған тамаша флешмобпен басталып, арасында концерттік нөмірлермен әрленіп отырды.

Жиында сөз алған банктің Астана қалалық филиалының директоры Медеуова Айжан Тұрақбайқызы ашық есік күніне қатысушыларды шын жүректен құттықтады. «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» Қазақстандағы баспана алуға арналған ең жүйелі, қолжетімді жүйе. Бүгінгі күні бізге сенім білдіріп, баспана алуға ниет танытқан клиенттеріміздің қатары көп. Бүгінгі шарада бізбен әрдайым бірлесе жұмыс атқарып келе жатқан серіктестеріміз бен клиенттерімізді көргенімізге қуаныштымыз» деді ол.

Ашық есік күні аясында үздік таңдаулы депозит салымшылары грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Солардың қатарында елімізге белгілі тележүргізуші, журналист Динара Сәтжан да бар. «Бүгінгі шараға шақырылғаныма өте қуаныштымын. Банктің тиімді қызметтері мен жеңілдіктері туралы көп естідім. Қазір өзім де осы «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» клиентімін, депозит ашқанмын. Әрбір адам жайлы баспанаға қалтасына тиімді, ыңғайлы бағада қол жеткізуді армандайды, осындай армандардың орындалуына қол ұшын беріп, халықтың баспанаға деген қажеттілігін ұтымды жолмен қамтамасыз етіп отырған банкке рахмет айтамыз. Банкке аз мөлшердегі алдын-ала төлем қаражатын салып, пәтер алуға жететін арзан несие алуға болады. Мен осыны пайдаланып, алдағы уақытта банк серіктестерінің бірі «BI Group» компаниясының үйлерінен пәтер аламын» деді Д.Сәтжан.

Бүгінгі күні банктің Астана қалалық филалының орталық кеңсесінде әр жетінші келісім-шарт, әр бесінші займ жасалады екен. Халықтың сенімі мен құрметіне бөленіп келе жатқан «Тұрғынүйққұрылысжинақ» банкінің алдағы жоспарлары көп. Еліміздің банк жүйесі саласында тұрақты өркендеп, нарық заңдары мен тұрғындардың талабына сай ұтымды қызмет атқарып отырған банктің, болашақта да Қазақстан халқын қуанта беретініне сенеміз.

Жебе НОЯН

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5554