Бейсенбі, 22 Қазан 2026
Жаңалықтар 5138 0 пікір 22 Сәуір, 2015 сағат 12:54

ЛОНДОНДА ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

Сәуір айының 23-26 күндері Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында Қазақ мәдениетінің күндері өтеді. Бұл мәдени іс-шара аясында, 23-сәуірде жазушы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабековтің «Біз соғысты көрген жоқпыз» атты ағылшын тіліндегі жаңа кітабының тұсау кесілмек. Қазақ оқырманына кеңінен таныс Д.Исабековтің айтулы туындысының ағылшын тілінде жарыққа шығуы Жеңістің 70 жылдығына арналмақ.

25 сәуірде Ұлыбританияның Корольдік театрында Қызылорда облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры ұжымы Д.Исабековтің «Өкпек жолаушы» («Ескі үйдегі екі кездесу») атты спектаклін ағылшын көрерменіне ұсынбақ.     

Қазақ мәдениетінің күндері Лондон қаласындағы «Айтматов академиясының» ұйымдастыруымен және Қызылорда облыстық әкімшілігінің қолдауымен өтпек.

Ахмет АҚМОНШАҚ


Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1145
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1593