Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3478 0 пікір 1 Қазан, 2010 сағат 15:04

NCOC компаниясының қызметінен бірқатар экологиялық бұзушылықтар анықталды; эмиссияға берілген рұқсат 3 ай мерзімге қайтарып алынды

Астана. 1 қазан. ҚазТАГ – Прокуратура органдары NCOC компаниясының қызметінен бірқатар экологиялық бұзушылықтар анықтап, эмиссияға берілген рұқсатты 3 ай мерзімге қайтарып алды, деп мәлім етті қоршаған ортаны қорғау министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің мемлекеттік экологиялық бақылау комитетінің бастығы Данияр Әлиев.

«Бұзушылықтар бар. Прокуратура органдарымен бірлескен тексеру барысында NCOC компаниясының қызметінен бірқатар экологиялық бұзушылықтар анықталып, эмиссияға берілген рұқсатты 3 ай мерзімге қайтарып алынды», - деп мәлім етті Д. Әлиев жұма күні журналистерге.

Оның ақпараты бойынша, Каспийдің қазақстандық секторында жұмыс істейтін мұнай компаниялардың негізгі бөлігі тексерілген.

«Бірақ тексеру шаралары жалғасып жатқан компаниялар да бар. Біз тексеруді қазан айының соңына дейін ұзарттық», - деп нақтылады ол.

Еске сала кетейік, ҚР ҚОҚМ премьер-министр Кәрім Мәсімовтың тапсырмасымен биыл көктемде Мексика шығанағындағы экологиялық апаттан кейін мұнай компанияларын экологиялық талаптарды сақтау бойынша тексере бастаған болатын.

NCOC – North Caspian Operating Company B.V. – Солтүстік Каспий жобасының бірыңғай операторы. NCOC акционерлері - Agip Caspian Sea B.V. (16,81%), KMG Kashagan B.V. (16,81%), Conocophillips North Caspian Ltd. (8,40%), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,81%), Inpex North Caspian Sea Ltd. (7,56%), Shell Kazakhstan Development B.V. (16,81%) және Total E&P Kazakhstan (16,81%).

Солтүстік Каспий жобасы 1997 жылы 18 қарашада қол қойылған Солтүстік Каспий бойынга өнімді бөлісу туралы келісім шеңберінде жүзеге асырылып жатыр, оған Қашаған, Қайраң, Ақтоты, Қаламқаскен орындары кіреді. Қашағанкен орны соңғы 40 жылда ашылған әлемдегі ең ірі кен орны саналады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279