Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4669 0 пікір 10 Сәуір, 2015 сағат 11:24

ТҮҚЖБ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «НҰР ОТАННЫҢ» ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫНДА ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің қызметкерлері азаматтарды қабылдай бастады

Енді қазақстандықтар тұрғын үй мәселесін шұғыл түрде шешуге мүмкіндік алды. «Нұр Отан» ХДП қоғамдық қабылдауына келіп, мамандардан кеңес сұрауына болады. Кім мемлекеттен әлеуметтік пәтер алады? Баспананы төменгі пайызбен кредитке қалай сатып алуға болады? Арзан тұрғын үй сатып алу үшін жинақ ақшаны қалай сақтаған жөн? Осы тақілеттес жиі қойылатын сұрақтарға ҚТҚЖБ өкілдері тікелей жауап бермек.

Сонымен қатар, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметкерлері  банктің «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын қолдай отырып, халықтың қалың жігін әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін қосымша қандай іс-шара жасап жатқанын да баяндап беруге әзір.

Сөз жоқ, тұрғын үй мәселесі мен қолжетімді пәтер сатып алу – бүгінгі күнгі ең өткір мәселелердің бірі. Сондықтан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қызметкерлері  және «Нұр Отан» партиясының мүшелері бірлесе отырып, қоғамдық қабылдауда тұрғындарға кеңес беріп жатыр. Азаматтардың мәселесін осылайша тезірек шешуге болады.

Қазір халықты «Қолжетімді тұрғын үй–2020» бағдарламасымен салынған нысандардың уақтылы берілу мәселесі мен пайдалануға берілетін  «әлеуметтік» шаршы метрлердің саны толғандырып жүр. ҚТҚЖБ-ның хабарлауынша, 2015 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған барлық үйлердің құрылысы толық аяқталып, оларға жаңа пәтер иелері қоныстанатын болады.  Биыл банк бағытымен тұрғын үй құрылыс бағдарламасын жүзеге асыруға Ұлттық қордан 30 миллиард теңге бөлінді. Жергілікті атқару органдарымен жасалған келісімдерге сүйенсек, «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» және «Жас отбасыға арналған тұрғын үй» атты екі бағыт бойынша 590 мың шаршы метр пайдалануға берілмек. 

«Нұр Отан» ХДП-ның қоғамдық қабылдауында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері адамдарды график бойынша айына бір рет қабылдайды. Қазақстанның барлық облыстарында, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларында да тұрақты түрде кеңес өткізетін болады.

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қызметкерлерінің азаматтарды қабылдау күндерін мына сілтемеге өтіп, көруге болады http://www.hcsbk.kz/kk/news/422-sotrudniki-zhilstroisberbanka-nachali-prinimat-grazhdan-v-obshchestvennyh-priemnyh-partii-nur-otan

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5588