Жексенбі, 24 Қараша 2024
Міне, көрдің бе? 5732 0 пікір 7 Сәуір, 2015 сағат 16:18

БАҒДАТ МУСИН «БАЙБАЛАМ» САЛЫП ЖАТЫР

«Қазпошта» ҚҚ-ның басқарама төрағасы Бағдат Мусин (суретте) дейтін азамат бүгін Астанада өткен брифингте өзінің артық ақша алып жүргенін айтып ағынан жарылды.

«Енді жалақыма байланысты айырымды айтайын. Иә, ол өте көп. Маған еңбекақыны директорлар кеңесі тағайындайды. Біз оларға айлығымыздың көлемін қысқартыңыздар деген ұсыныспен шықтық. Олар бізге мұндай жағдайда бюджеттен 0,01%  көлемінде қаржы үнемдеуге болатындығын есептеп берді. Үнемделген қаржымен «Қазпошта» қызметкерлерінің әлеуетін көтеруге болатын еді, бірақ, одан пайда шамалы көрінеді. Директорлар кеңесі маған: сіздің міндетіңіз жаңа қаржы көздерін табу. Сізге көлемді жалақының тағайындалу себебі – талап күшті. Сізге қойылатын талап жоғары деді».

Бағдат Мусин мырзаның сөзіне қарағанда, «Қазпоштада» 22 мың адам жұмыс істейді екен. Соның 50 пайызы ауылды жерлерде жүр.

«Біз тапқан табысымыздың 95 пайызын қызметкерлердің еңбекақысына төлейміз», - деп қосып қойды сөз арасында басқарма бастығы.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазпошта» ҚҚ-ның басқарама төрағасы Бағдат Мусиннің кесімді жалақысы 1,5 миллион теңге. Салыққа кеткен шығындарын алып тастағанда ол қолына ай сайын 1,2 миллион теңге алып отырады. Бір жылда 14,4 миллион табыс табады. Ал, енді есептеп көріңіз, сіз Бағдат балақайдың бір жылдағы табысы былай тұрсын, бір айлығына қанша уақытыңызды сарп етеді екенсіз...

 

Abai.kz   

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570