Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 5080 0 пікір 1 Сәуір, 2015 сағат 09:25

ҮМІТКЕРЛЕР ЕЛ АРАЛАП ЖҮР

ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ӨСКЕМЕНДЕ!

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Өскеменде Үлбі металлургиялық зауытының жұмысшыларымен, жастар белсенділерімен және Шығыс Қазақстан облысы халқын әлеуметтік қорғауды үйлестірумен айналысатын ҮЕҰ өкілдерімен кездесті. 

Делегация құрамында - Республикалық қоғамдық штабтың жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстанның Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, Қазақстандық мүгедектер конфедерациясының президенті Жанат Омарбекова, «КТК» меншікті хабар тарату директоры Артур Платонов, ҚР кен-металлургия өнеркәсібі еңбекшілері кәсіподағының төрағасы Асылбек Нұралин, Парламент Мәжілісінің депутаттары Бақытжан Ертаев, Төлеген Ибраев, Нұртай Сәбильянов, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова және басқалары бар.

Өскемен қаласында Үлбі металлургиялық зауытының тантал өндірісі цехының жұмысшыларымен кездесу болды.

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасампаздық қызметінің жемістері жұрттың бәрінің көз алдында. Олар қазір осында - Шығыс Қазақстанда да қатысып отыр, олар біздің Отанымыздың барлық инновациялық өнімдерінің бестен бір бөлігін беруде. Бұл тағдырдың сыйы емес, Ұлт Көшбасшысының зор қажырлы еңбегінің нәтижесі.  

Біз шығысқазақстандықтар Мемлекетіміз басшысын қолдауда ең жоғары нәтиже көрсететініне сенімдіміз», - деп атап көрсетті кездесуде Республикалық қоғамдық штаб жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Өз кезегінде зауыт қызметкерлері Н.Ә.Назарбаевқа қолдау көрсететіндерін білдірді. «Зауыт жастары Мемлекетіміз басшысының стратегиялық жоспарларын қолдайды және біз осы орасан зор міндеттерді жүзеге асыруға барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз. 26 сәуірде біздің алдымызда маңызды міндет - өз болашағымызды таңдау міндеті тұр. Егер біздің жастарымыз біздің Көшбасшымыз сияқты кәсібіне берілген тұлғаларға қарап қатар түзейтін болса, Қазақстанның табысқа және игілікке кенелері сөзсіз. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды қуатты, берік және гүлденген елге айналдыратынына сенімдімін!» - деді «ҮМЗ» АҚ Жастар бірлестігі кеңесінің мүшесі, бериллий өндірісінің инженері Ринат Құдабаев.  

Бұл ірі өнеркәсіп кәсіпорнында жоғарықамтымды тантал ұнтағы, бериллийден жасалған бұйымдар шығарылады, атом стансалары үшін отын шығаратын толық цикл жасалуда.

«Сіздің зауыт - 65 жылдық тарихы бар бірегей кәсіпорын. Бүгінде мұнда 4000-ға жуық адам еңбек етеді. Естеріңізге түсіріңіздерші, осыдан 20 жыл бұрын елде шахталар мен кәсіпорындар жабылып, жалақы мен зейнетақы төленбей, жұмыс жоқ кезең болған еді. Алайда біз осы қиын кезді артқа тастадық. Біз күшті мемлекетке айналдық, елде едәуір өзгерістер орын алды және бүгін осындай жауапты, тарихи сәтте Нұрсұлтан Назарбаевқа қайтадан қолдау көрсететін уақыт келіп жетті. Тек қана Елбасымен бірге жаңа ұлы жеңістерге жетеміз!» - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «ҮМЗ» АҚ жұмысшыларымен кездесу барысында.

Сапар кезінде РҚШ мүшелері «Үлбі» мәдениет үйінде, Оқушылар шығармашылық сарайында, Металлургтер мәдениет үйінде болып, халықты әлеуметтік қорғау мәселесімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдармен, студент жастармен және профессорлық-оқытушылық құраммен кездесті.

Іс-шараларға Өскеменнің мыңдаған тұрғындары қатысты. Өскемендіктердің айтуынша, Елбасының басшылық етуімен Тәуелсіздіктің 23 жылында Қазақстан Республикасының берік іргетасы қаланды.

«Республикада 130 ұлттың өкілдері, Шығыс Қазақстан облысының өзінде ғана 105 ұлт өкілдері тұрады! Егемен мемлекет құрылысының басынан бастап біздің Ұлт Көшбасшысы ұлтаралық бірлікті, келісім мен тұрақтылықты, экономикалық гүлдену негізінде әлеуметтік бағдарланған күшті демократиялық мемлекет құруды басты міндет етіп қойды. Біздің Елбасымыздың саясатының арқасында Қазақстандағы кез келген ұлттың және конфессия өкілдерінің әрқайсысының дауысы жарқын естіледі», - деп атап көрсетті өз сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Лео Шик.

Республикалық қоғамдық штаб баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысында 20 қоғамдық штаб құрылды, 3000-нан астам сенімді өкіл және жастар белсенділері іске кірісті.

 

ҚҰСАЙЫНОВ – ҚОСТАНАЙДА!

Қостанай облысында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың аймақтық сайлауалды штабы жұмысының таныстырылымы өтті.

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Қостанай облысындағы штабының жұмысы таныстырылды.

Сайлау алды насихат жұмысының барысы туралы штаб жетекшісі Рүстем Жоламан әңгімелеп берді: «Қостанай облысындағы сайлауалды штабымыз өз жұмысын бастады, ақпараттандыру қызметімен айналысатын сенімді тұлғалар белгіленді.

Алдағы күндері насихат жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр, көптеген іс-шаралар өткізілетін болады. Оның ішінде студенттермен, кәсіпорындардың жұмысшы ұжымдарымен кедесулер ұйымдастырмақпыз.

Өзге аймақтарда да әріптестеріміз кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасын халыққа жеткізумен айналысады.

Қостанайлық штабтағы кеңсеміз журналистер мен бақылаушылар үшін әркез ашық, насихат жұмысы туралы және басқа да қажетті ақпараттарды осы жерден алуға болады.

Әбілғазы Құсайынов өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы әңгімелеп берді.

«Менің ойымша, әлемдік проблемалар рейтингінде экология мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бірінші орынға шығуы керек. Экологияны жеке үйің туралы ғылым ретінде түсініп, қабылдау маңызды.

Біз экологиялық қауіпсіз дамуға көшу міндеттерін адамзат дамуымен қатар қарастыруды мақсат тұтамыз.

Атап айтқанда, экономиканы экологиялық таза, қоршаған ортаға зияны жоқ аз шығынды технологиялардың көмегімен түрлендіру дамудың басты негізіне айналуы тиіс.

Жаңа құрылысты бастарда, өнеркәсіптік кәсіпорындарды іске қосарда, кез келген шаруашылықты жүргізу кезінде экологиялық мәселелер ескеріліп, бірегей табиғи ландшафттардың, флора мен фаунаның қауіпсіздігіне көңіл бөлінуі керек.

Жағымды экологиялық орта – адам денсаулығының кепілі», - деді кандидат.

Бүгінде денсаулық сақтау саласындағы әлемдік сарапшылар қоршаған ортаның ластануы мен табиғи ресурстар проблемасына бақылау жүргізумен айналысып жатыр. Жыл сайын жағдай нашарлап барады, егер адамзат табиғатқа деген қарым-қатынасын өзгертпесе, оның соңы үлкен апатқа, өркениеттің құлдырауына алып келуі мүмкін.

Сарапшылардың пікіріне сүйенген Ә.Құсайыновтың айтуынша, әсіресе, ғаламшардың 1/3 бөлігі тұратын әлемнің халқы аса көп елдерінде экологиялық жағдай мүлде мүшкіл. Ауаның, судың ластануы, сапасыз азық-түлік адамзатқа үлкен қауіп төндіріп тұр. Сарапшылардың болжамынша, 30-35 жылдан кейін ластанған ауа 3,6 млн адамның өлімінің басты себебіне айналады, олардың басым бөлігі – жоғарыда атап өткен аймақтардың тұрғындары.

Тағы бір ескеретін жайт, қазіргі заманғы экологиялық қолайсыз орта адамның тұрмыс-тіршілігіне ғана емес, жалпы ғаламшардың табиғи экожүйесінің қалыпты жұмысына әсер етіп, су ресурстарының, климаттың өзгеруіне алып келуде.

Биосфера мен жалпы Жер шарының тағдыры адамзаттың бұдан арғы өнеркәсіптік қызметінің экологиялық тиімді әрі рационалды жүргізілуіне тікелей тәуелді. Ол үшін экологиялық мәдениет деңгейін көтеру маңызды, әр адам ормандардың, өзен-көлдердің, жануарлар мен өсімдік әлемінің қауіпсіздігіне тиісті деңгейде көңіл бөліп, су мен қуат көздерінің ысырапшылдығына жол бермеуі тиіс.

Адамның биосфераға ықпалынан ғаламшардың жылу режимі өсіп, радиоактивті айнала кеңіді, Әлем мұхиттары ластанып, жаңартылмайтын шикізат қоры азайды. Табиғаттың экологиялық жүйесі өзін-өзі тазартып үлгермей жатыр. Ал адамзат өркениетінің қысымы төмендер емес.

«Жаһандық өнеркәсіптік жобалар табиғатқа үлкен зиян келтіруде, себебі олардың жұмысында табиғатты қорғауға негізделген өңдеу әдістері ескерілмейді.

Әлемнің ірі қалаларына жүргізілген геохимиялық және эпидемиологиялық талдаулар негізінде анықталғандай, мұның бәрі жалпы ауру-сырқаудың 30-70 пайызына, онкологиялық аурулардың 40 пайызына себеп болып отыр. Әлемдік статистикаға сәйкес, туа біткен денсаулық ақауларының 17 пайызы сыртқы химиялық факторлардың жағымсыз ықпалымен байланысты.

Қорыта айтқанда, табиғатты қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесіне үлкен маңыз берілуі керек», - деді Ә.Құсайынов.

 

 

СЫЗДЫҚОВ - ПЕТРОПАВЛДА!

Петропавл қаласында Тұрғын Сыздықов «МұнайМаш» АҚ жұмысшыларымен кездесу өткізді. Кездесуге, сондай-ақ, Т.Сыздықовтың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық сайлауалды штабының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Тұрғын Сыздықов кездесу қатысушыларын өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі қағидаларымен таныстырды.

Сондай-ақ, ол ХІХ ғасырдағы ғылыми коммунизмнің негізін қалаушылар – Карл Маркс пен Фридрих Энгельс тарихи тәжірибеге негізделе отырып, қоғамдық дамудың объективті заңдарын жасай келе, адами қоғамды жаңа коммунистік формацияға көшіру қажеттігін теориялық негізде дәлелдеп бергенін атап өтті.

«Біз ғылыми коммунизм идеясын жалғастыруға қарай үлкен қадам жасадық. Дамудың көп кезеңді жолдарынан өттік.

Партияда партиялық бұқараны бақылау, оны бюракратияландыруға жол бермеу, даму үрдістерін болжау, ауыспалы жағдайға дер кезінде әрекет етудің тұрақты механизмдері жұмыс істейді.

Мұның бәрі өмірдің тұрмыстық қажеттіліктерінен туындап, бұқараның шынайы шығармашылығына негізделеді», - деп көрсетілген Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.

Сонымен қатар кандидаттың сайлауалды бағдарламасында батыстық мәдениет пен құндылықтардың көлеңкелі әсері жайында мәселе көтерілген.

«Жаһандық компьютерлендіру мен батыстық электрондық БАҚ қоғамның сана-сезімін улап, адамдардың арасына іріткі салу үшін индивидуализм принципін насихаттауда, бұл өз кезегінде ғаламшардың мәдени тұтастығының құлдырауына алып келуі мүмкін.

Еуропалық елдерде тұтынушылық қоғам құрылымдарының қалыптасуынан туындаған батыстық мәдениет дағдарысы батыстық өркениеттің әмбебап құндылықтар мен әлеуметтік тұрмыс-тіршілік нормаларына деген наразылықтарына қарама-қайшы келуде.

Батыстың кемшіліктері әсіресе мәдениет саласында анық байқалады.

Себебі, тұтыну, әлеуметтік құбылыс ретінде, көп жағдайда материалдық қажеттілікті қанағаттандыруды өмірдің мәні деп қарастыратын құндылықтар мен идеялар жүйесіне негізделген», - деді Тұрғын Сыздықов.

Оған қоса, кандидат Тұрғын Сыздықовтың сайлауалды бағдарламасында батыстық кинематография стандарттарының кері әсері туралы мәселелерге мән берілді.

«Кинематографияның батыстық стандарттары зорлық-зомбылыққа, азғындыққа тәрбиелейді. Осыдан барып қатыгез күштердің, жағымсыз кейіпкерлердің өз заңдарын насихаттауға жол ашылды.

Батыстық кинематография зорлық-зомбылыққа деген қызығушылықты оятып, оны, адамның сана-сезіміне жат эстетикалық нормаға айналдырды.

Батыстық мәдениеттің осынау күдікті «жетістігі» батыстық өркениеттің барлық салаларының дамуына көлеңке түсіріп отыр.

Батыстық әдебиеттің де жағдайы мәз емес. Ол әлемдік мәдениеттегі өзінің бұрынғы әлеуетінен айырылып, зорлық-зомбылық пен бұқаралық әбепсіздікті насихаттайтын кинематографияның жетегінде кетті», - деп көрсетілген Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасында.

Кездесу соңында кандидаттың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аймақтық сайлауалды штабының жетекшісі Сергей Мартемьянов жиын қатысушыларына жүргізіліп жатқан насихат жұмыстары жайында айтып берді

«Штабымыздың сенімді тұлғалары анықталды. Олар барлық ақпараттық жұмыстарды жүргізетін болады. Қолымызда жұмыс жоспары бар. Бірқатар кездесулер мен іс-шаралар жоспарланған.

Біздің штаб БАҚ өкілдерімен тығыз байланыс орнатты, олар үшін есігіміз әркез ашық. Кандидатымыздың қызметі мен оның сайлауалды тұғырнамасы туралы барлық қажетті ақпараттарды ұсынуға дайынбыз», - деді Мартемьянов.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5553