Жұма, 22 Қараша 2024
Айтқыш екен 5417 0 пікір 26 Наурыз, 2015 сағат 20:22

"ОРТАҚ ВАЛЮТА" ЖӘНЕ МОЛДАНЫҢ АРТЫ

Баяғыда бір дүмше молда үлкен жиында байқамай "тарс" еткізіп қойыпты. Кеше ғана "молдеке, молдеке" деп құрақ ұшқан жұрт енді оны "осырақ молда" деп әжуалап, суық көзқарас таныта бастайды. Іштей қорланған молда бала-шағасын алып, алыс жаққа бір түнде көшіп кетеді. Араға 20 жыл уақыт салып, елге оралуды көздейді. "Алдымен мен барып біліп келейін. Келеңсіз жайтты ел ұмытқан шығар" депті де, молдекең жолға шығады. Автобус ішінде ауылға кетіп бара жатқан жастар көп екен. Сұрастырса, бәрі өзі танитын адамдардың балалары. "Сендер қай жылғы боласыңдар?" деп сұрапты молдекең. "Осырақ молда ауылдан көшкен жылы туыппыз" дейді жастар бір ауыздан. Молданың іші қылп ете қалады. Оны байқатпай, ары кете береді. Ауылға кіре берісте үлкен етіп мешіт салыныпты. Ішіне кіріп, дәрет алып, қаза болған намаздарын түгендеп болғасын, сол жердегі имамнан: "бұл мешіт қашан салынған?" деп сұрапты. "Осырақ молда ауылдан көшкесін, 3 жылдан кейін салынған" депті имам. Содан, молдекең ауылдың ішіне елеусіздеу кіріп келіпті. Анандай жерде екі аттылы кісі дауласып тұр екен. Ақырындап, әңгімесіне құлақ түріпті. "Қайдағыны айтпа! Бұл бием - осырақ молда ауылдан көшкесін 12 жылдан кейін туған құлын ғой! Өзімдікі!" депті біреуі. "Жо-жоқ! Бұл менің бием! Осырақ молда ауылдан көшкесін, тура 10 жыл өткенде Жиренбие құлындаған. Сенбесең, енесі де таниды..." 
Содан молдекең алды-артына қарамастан, келген жағына тайып тұрыпты. Үйіне келсе: "Қалай, ел ұмытып па?" деп сұрапты әйелі. "Қайдағы ұмытқан?! Осы күні ол ауылда менің кө...м календарь боп кетіпті!" депті күйінген молда. 
Сол айтпақшы, биылғы жыл әйтеуір, "ортақ валютаның" календарына айналмаса игі еді!)))
Пысы: Молдалардан алдын-ала кешірім сұраймын!))

 

Тоқтар ЖАҚАШ.

(Жазба автордың facebookтегі парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273