Сенбі, 19 Сәуір 2025
Осы ғой енді... 6825 0 пікір 25 Наурыз, 2015 сағат 14:06

ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАРСЫ «КРЕСТ ЖОРЫҒЫ» БАСТАЛДЫ МА?

Жақында Қарағанды қаласында ММА жарысы өткен кезде оны ұйымдастырушылар спорт залға біздің көк туымызды қара креспен айқыштап ілгенін «Sports.kz» сайтынан көріп, шамырқанып отырмын. Бұл шектен шыққан заң бұзушылыққа ресми орындар әлі назар аудармаған көрінеді. Аталған сайттың жазуынша турнирді ұйымдастырғандар ресейліктер екен. Қазақстанға жасаған өздерінше «Крест жорығы»-мыс. «Ресей» десе біздің дүмбілездердің дымы құрып қалатын болған жоқ па? Мұндай салғырттықтың бір жауабы осында жатқан сияқты.

Өткен жолы Геннадий Головкиннің жеңісіне қуанған азамат өз үйіне ұлттық туымызды ілгені үшін «ит көрген ешкі көзденіп» шыға келгендер, сотқа тартып, айып тартқызып, жазалаған «қырағы көздер» мына масқараны неге көрмейді?

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ.

(Жазба ақынның facebookтегі парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2043
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4901
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4102