Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5535 0 пікір 22 Наурыз, 2015 сағат 00:58

ТІРКЕЛГЕН ҮМІТКЕР ҮШЕУ БОЛДЫ

Сәуірдің 26-сы күні болатын сайлауға ҚР Президенттігінен үміткер ретінде үш адам тіркелді. Олар – қазіргі іс басындағы  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Тұрғын Сыздықов пен Әбілғазы Құсайынов.

Орталық сайлау комиссиясы танымал қоғам қайраткері Хасен Қожа-Ахметті де үміткерлердің қатарына тіркеуі мүмкін деген сөз шығуда. Қазақ арасындағы саяси белсенділікке сонау тоқсаныншы жылдардан бері жетекшілік жасап, көщбасшылық қимыл танытып жүрген Хасен мырзаның үміткерлік «тағдыры» қалай шешіледі, оны алдағы күндері көре жатармыз. Алайда, былайғы жұртқа беймәлім Сыздықов пен Құсайыновтың қасында Хасекеңді халық жақсы біледі деп мойындауымызға тура келеді.

Сонымен, Орталық сайлау комиссиясының талабынан өтіп, ресми тіркелген үміткер әзірге – үшеу. Ал, жалпы өзін-өзі ұсынып, ел билігін қолға алуға талпынғандардың саны – 27 болған. Бұл 27-нің 13-і Астанадан, 10-ы Алматыдан шықты. Көкшетау мен Қостанайдан, Шымкент пен Шортанды қаласынан да бір-бір адам үміткерлер бәсекесіне түсіп, бақ сынап көрді. Соның қайсыбірі лингвистикалық комиссияның сұрақтарына жауап бере алмаса, қайсыбірі үміткерге қажет қаражат мәселесін шеше алмағандарын білдірді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 56-бабы 2-тармағына сәйкес Президенттiкке кандидатты Республика облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының кемінде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кемінде бiр пайызы қолдауға тиiс.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345