Сенбі, 23 Қараша 2024
Не дейді?! 7300 0 пікір 20 Наурыз, 2015 сағат 19:04

ҚАРА ТУ КӨТЕРІП, ҚАПТАП КЕЛЕДІ

Бүгін Иракта VI ғасырдан бері тұрған Будда мүсінінің талқаны шықты. Ал, Ауғанстанның солтүстік аудандарында «Ислам мемлекеті» деп аталатын экстремистік ұйымының қара туы көтеріліп, Орталық Азия аймағын алаңдатып бастады. Еркін ақпарат көздерінің хабарлауынша, «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының қара туы Ауғанстанның солтүстік-батыс провинцияларынан байқалған.

Ауғанстанға аттанған БҰҰ өкілі Николас Хейсом наурыздың 16-сы күні осы ұйымның Қауіпсіздік кеңесіне «ИМ мүшелері Ауғанстанға келді, бірақ әлі терең тамыр жаймаған» деп мәлімдеген еді. Ал, Азаттықтың Gandhara сайты Құндыз провинциясының (Ауғанстан) губернаторы Мохаммед Омар Сафидің «ИМ жауынгерлері солтүстік-шығыс провинцияда жүр» деген сөзіне сілтеме жасайды. Бұл - провинция Тәжікстанмен арадағы шекарада орналасқан, Өзбекстаннан да алыс емес. БҰҰ елшісі Николас Хейсом: «Ислам мемлекеті» Ауған елінде бастары қосылмай жүрген бүлікшілер тобын біріктіруі мүмкін. Ал, мұның соңы Орталық Азия үшін қауіпті» дейді.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345