«АЛТЫН ДОП» АТТЫ ФУТБОЛ ТУРНИРІ ӨТЕДІ
Алматы қаласының балалар үйлері мен мектеп-интернаттарында тәрбиеленіп жатқан балалар мен жасөспірімдер арасында «Алтын доп» атты футбол турнирі өтеді.
Қазақстанда шамамен 475 мың мүгедек (халықтың 3% -ын құрайды) жан өмір сүреді. Қоғамда оларға қажетті көңіл аударылмайды. Ал, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Көмек» ұйымы бұл қоғамдық мәселеге немқұрайлы қарамайды. Сондықтан, «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің «Көмек» Қоғамдық қоры ҚазҰУ ректоры Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлының бастамасымен жүзеге асқан «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Алматы қаласының балалар үйі мен мектеп-интернаттарда тәрбиеленушілер арасында «Алтын доп» атты футбол турнирін ұйымдастырады.
Турнирге №1, №3 «Жанұя», №6, №7, №8 мектеп-интернаттары мен «SOS Алматы балалар қалашығының» тәрбиеленушілері қатысады.
Турнир Алматы қаласындағы Достық даңғылы мен Чайкин көшесінің қиылысындағы 3 б үйде, «Sport zone» жаттықтыру залында, сәуірдің 4-і күні өтеді. Турнирді ұйымдастырушы: «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің «Көмек» Қоғамдық қоры.
Абай-ақпарат