Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2956 0 пікір 4 Қазан, 2010 сағат 07:12

Денсаулық сақтау министрінің адвокаты кейбір БАҚ-тың оның Досқалиевті қорғаудан бас тартқаны туралы ақпаратын жоққа шығарды

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Денсаулық сақтау министрінің адвокаты Роберт Шмалькейбір БАҚ-тың оның министрді қорғаудан бас тартқаны туралы ақпаратын жоққа шығарды.

«Мен қорғауды жалғастырып жатырмын. Заң бойынша мен қабылдаған қорғаудан бас тарта алмаймын, бұған қоса, адам осындай жағдайда болғанда, мен оны тастап кететіндей сұмыраймын ба?!»,  - деді Р. Шмаль дүйсенбі күні ҚазТАГ-қа. «Мен (қаржы полициясының - ҚазТАГ) барлық әрекеттеріне қарсы шағым түсірдім», - деді ол.

Бұрын хабарланғандай, 21 қырқүйекте Ж. Досқалиевке қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 22 қырқүйекте қаржы полициясында одан жауап алынды. 25 қырқүйекте ол күдікті ретінде Астана ІІД уақытша оқшаулағышына қамалды, сол жерде оның қан қысымы көтеріліп, 26 қырқүйекте инслуьт алған ол республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. 27 қырқүйекте Астананың аудандық соты күдіктінің денсаулық жағдайына байланысты қаржы полициясының оны қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырмай тастады.

Қаржы полициясы Ж.Досқалиевті 2005-2006 жылдары қазақ медициналық академиясының ректоры болғанда жол берген бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпақ.

Қаржы полициясының мәліметіне сәйкес, Ж. Досқалиев жеке мүдделерін көздеп, академияның жер телімдерінде тұрғын үй кешендерін салу туралы келісімшартқа отырған. Құрылысты аяқтаған компания Ж. Досқалиевтің бас сенімхаты бойынша пәтерлерді академияға қатысы жоқ адамдарға нарықтық бағамен сатқан. Ж. Досқалиевтің өзі екі пәтер мен коттеджге ие болған. Аталған жер телімдері академияның оқытушыларына арналған.

Дәрігерлердің мәліметінше, денсаулық сақтау министрінің жағдайы ауыр, қаржы полициясы болса, Досқалиев дәрігерлермен алдын ала сөз байласып алып, өтірік ауырған болып, жауапкершіліктен жалтармақ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383