Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3058 0 пікір 4 Қазан, 2010 сағат 07:19

Қаржы полициясы денсаулық сақтау министріне қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғады

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – ҚР экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі (қаржы полициясы) ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғады, деп мәлім етті ведомствоның ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

«Бұрын хабарлағанымыздай, тұрғын үйлердің құрылысына жер телімдерін бергені үшін Досқалиев екі пәтер мен Қараөткел кентінен бір коттеджге ие болған. Тергеу барысында анықталғандай, Досқалиев пара ретінде тағы 6 пәтер алған, оның біреуін жақын туысының атына рәсімдеген, бесеуін сатып жіберген. Ж. Досқалиевке қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Мұрат Жұманбай дүйсенбі күні брифингте.

Бұрын хабарланғандай, 2 қазанда Астананың №2 Сарыарқа аудандық соты денсаулық сақтау министрін 10 тәулік мерзімге қамауңа алуға санкция берген.

Еске сала кетейік, 21 қырқүйекте Ж. Досқалиевке қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 22 қырқүйекте қаржы полициясында одан жауап алынды. 25 қырқүйекте ол күдікті ретінде Астана ІІД уақытша оқшаулағышына қамалды, сол жерде оның қан қысымы көтеріліп, 26 қырқүйекте инслуьт алған ол республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. 27 қырқүйекте Астананың аудандық соты күдіктінің денсаулық жағдайына байланысты қаржы полициясының оны қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырмай тастады. Қаржы полициясы Ж.Досқалиевті 2005-2006 жылдары қазақ медициналық академиясының ректоры болғанда жол берген бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпақ. Қаржы полициясының мәліметіне сәйкес, Ж. Досқалиев жеке мүдделерін көздеп, академияның жер телімдерінде тұрғын үй кешендерін салу туралы келісімшартқа отырған. Құрылысты аяқтаған компания Ж. Досқалиевтің бас сенімхаты бойынша пәтерлерді академияға қатысы жоқ адамдарға нарықтық бағамен сатқан. Ж. Досқалиевтің өзі екі пәтер мен коттеджге ие болған. Аталған жер телімдері академияның оқытушыларына арналған.

Сондай-ақ, қаржы полициясының мәліметіне сәйкес, 2009 жылдың қарашасында Ж.Досқалиев құны Т8,5 млрд болатын 240 орындық жедел жәрдем ҒЗИ-сін пайдалануға тапсыруға бұйрық берген, нысанның құрылысы сапасыз жүргізіліп, медициналық жабдықтар мен жиһаз толық көлемде жеткізілмеген. Осыған қарамастан, ол халықаралық стандарттарға сәйкес келеді деп іске қосылған, деп хабарлайды ведомство.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373