Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2761 0 пікір 4 Қазан, 2010 сағат 07:25

ҚР СІМ банк есепшоттарынан $3 млн ұрлады деп күдіктеліп отырған қазақстандық хакерлерді қамауға алу оқиғасы бойынша АҚШ бас консулдығына сұрау жіберді

Алматы. 4 қазан. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. ҚР сыртқы істер министрлігі американдықтардың банк есепшоттарынан $ 3 млн  ұрлады деп күдіктеліп отырған Қазақстан азаматтарын қамауға алу бойынша АҚШ бас консулдығына сұрау жіберді, деп мәлім етті ведомствоның ресми өкілі Асқар Әбдірахманов.

«Біз АҚШ жағына банк есепшоттарын бұзып, қаржы жымқырды деген күдік бойынша қамауға алынған қазақстандықтардың аты-жөндерін нақтылау туралы өтініш жолдадық», - деді А. Әбдірахманов.

Бұған дейін хабарланғандай, кеше ФТБ қызметкерлері американдықтардың банк есепшоттарынан қаржы жымқыру ісі бойынша 37 адамды қамауға алып, оларға айып тақты. Ұсталғандардың басым бөлігі АҚШ-қа студенттік визамен барған. Қазақстандықтардан басқа, іс бойынша Украина, Белоруссия, Молдавия және Ресей азаматтары жауапқа тартылмақ.

Тергеу болжамына сәйкес, олар есепшоттардағы ақшаны электронды пошта арқылы хат тарату жолымен алып отырған. Хабарламаларға парольдарды ашатын «Зевс Троян»вирустық бағдарламасы тіркелген. Хакерлер аккаунттарды иемденіп, өз есепшоттарына мыңдаған боллар ақша аударған. Кейін қаржы шетелдік студенттердің көмегімен ақшалай түрде шетелге асырылған. Қамауға алынғандардың кінәсі дәлелденсе, олар 10-нан 30 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылып, $250 мыңнан $1 млн-ға дейін айыппұл төлеп, зардап шеккендерге келтірілген шығынды өндіріп беруге тиіс болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381