Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 4933 0 пікір 16 Ақпан, 2015 сағат 10:22

РЕСЕЙ ЖАСТАРЫ КЕШІРІМ СҰРАЙДЫ

Алдымен аты-жөндерін, қайда оқитындарын айтып, өздерін жақсылап таныстырып алған РФ-ның өндірдей жастары яғни, «Бізге қосылыңдар!» деген ұранның айналасына топтасқан дәріскерлері Укрина халқынан, Украинадағы құрбы-құрдастарынан кешірім сұрауда.
- Біз, - дейді олар, - Украина жерін бөлшектеуге кіріскен еліміздің іс-әрекетіне ұяламыз. Сол үшін кешіріңіздер!
- Біз, - дейді және олар, - Украина азаматтарының Ресей түрмелерінде заңсыз жатқанына ұяламыз. Кешіріңіздер.
- Біз сіздермен тату-тәтті ынтымақта өмір сүріп, ұрпақтар жалғастығының бірлігін көргіміз келеді.
Осындай сөздерімен бейнекөрініске түсіп, оны әлеуметтік желілер арқылы таратып жатқан Ресей Федерациясының балғын азаматтары үлкен адамгершілік жүрекпен әлемге үн қатуда. Ресейдің империялық үстемдігін көксейтін, көршілеріне тізе батыратын тірлігіне селт етпестен қарайтын саясаткерлері мен өнер қайраткерлерін мына ұл-қыздармен салыстыра алмайсыз. «Открытая Россия. Присоединяйтесь к нам» деп жалындап тұрған жастардың төрткүл дүниенің бәрінен тілеулес достар табарына сенімдіміз. Бізге, бізге ғана емес, әлемге ізгі ниетті, қарым-қатынасқа ыңғайлы, адамзаттық мұраттарды ту көтерген, жаңашыл, азат Ресей керек.
Abai.kz




0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415