Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2799 0 пікір 6 Қазан, 2010 сағат 06:39

Алматыда еуразиялық интеграция мәселелеріне арналған ЕАДБ V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ашылды

Алматы. 6 қазан. ҚазТАГ – Алматыда еуразиялық интеграция мәселелеріне арналған Еуразия даму банкінің (ЕАДБ) V халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы ашылды.

Конференцияда аймақ елдерінің экономикалық, қаржылық және салалық интеграциясына қатысты мәселелерді талқылау жоспарланған. Бұрынғы кеңестік мемлекеттердегі стратегиялық әдістерге, дағдарысқа қарсы шараларға, еуразиялық кеңістікте дамудың интеграциялық модельдерін қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ, конференцияның бағдарламасына энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздік, қуат және ресурс үнемдеу мәселелері, ЕАДБ-ға мүше елдердің инновациялық ынтымақтастығының мүмкіндіктерін бағалау енгізілген.

«Аймақ мемлекеттерінің қазіргі даму жағдайында біз кең көлемді интеграциялық міндеттерді шешуге міндеттіміз. Кеден одағын, Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру интеграциялық ынтымақтастықтың нақты мысалдары болып отыр. Бұл процестер интеграциялық мәні бар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті кеңейту, ғылым мен ақпарат алмасу саласындағы мемлекетаралық байланыстарды дамыту арқылы тәжірибелік қолдауды қажет етеді», - деп мәлім етті жиынның күн тәртібін түсіндірген ЕАДБ-ның басқарма мүшесі, сараптама жұмысы бойынша директоры Владимир Ясинский.

Екін күнге жалғасатын конференцияның соңында ұсыныстар мен кеңестер қабылданады.

ЕАДБ-ны 2006 жылы Ресей және Қазақстан үкіметтері құрған. Жарғылық капиталы - $1,5 млрд. Банк ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырумен айналысады. 2009 жылдың сәуір-маусымында Армения мен Тәжікстан ұйымның қатысушылары мәртебесін алды. 2010 жылы маусым айында Беларусьбанк мүшесі атанды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347