Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2896 0 пікір 7 Қазан, 2010 сағат 06:17

АЕS компаниясын мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды сұраймын

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Премьер-министр Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады.

Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылармен кездесу өткізгенде облыстың елді-мекендерін, соның ішінде Өскемен және Семей қалаларын жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз ететін АЕS компаниясының және оның құрамына кіретін «Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің қызметіне қатысты сұрақтар жиі көтеріледі.

Сайлаушылар тарапынан электр жарығына тарифтің жылда көтерілуі, электр жарығының дұрыс берілмеуі, жиі өшірілуі, электр құрал-жабдықтарының, қондырғылардың тозғаны, күрделі жөндеу жүргізілмегені, ауылдық жерлерде электриктерді қысқартуы және т.б. мәселелер айтылуда. Шетелдіктердің қарауындағы бұл компаниялардың іс-әрекеті халықтың наразылығын тудырып отыр.

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда, АЕS компаниясының жекешелендіру міндеттемелерін орындамауы - 459 млн. АҚШ доллар болып отыр. Соның ішінде «AES Шүлбі су электр станциясы» ЖШС-і - 396,5 млн. АҚШ доллары, «АЕS Өскемен су электр станциясы» ЖШС-і - 37,97 млн. АҚШ доллары, «АЕS Өскемен жылу электр орталығы» АҚ-ы - 21 млн. АҚШ доллары және т.б. Аталған нысандардың мемлекет меншігінде болуы стратегиялық тұрғыдан, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды.

Осыған байланысты Сізден АЕS компаниясының құрамына кіретін «AES Шүлбі су электр станциясы» ЖШС-ін, «АЕS Өскемен су электр станциясы» ЖШС-ін, «АЕS Өскемен жылу электр орталығы» АҚ-ын және «Шығысэнерготрейд» ЖШС-ін мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды сұраймын.

(Сәуле Досжанова, т.74-63-01. Ақпаратты ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі таратып отыр.)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347