Орал-Каспий аймағында 26,5 тонна балық заңсыз айналымнан шығарылды – ІІМ
Астана. 1 маусым. ҚазТАГ – Орал-Каспий аймағында балық ресурстарына қылмыстық қол сұғушылықпен күрес мақсатында сәуірдің 10-ы мен маусымның 1-і аралығында жүргізілген «Бекіре» жедел-алдын алу шарасы барысында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында 26,5 тонна балық тәркіленді, оның 2 мың тоннадан астамы бекіре тұқымдас балықтар, сондай-ақ, аулаудың 453 құралы, 13 жүзгіш құрал тәркіленді, – деп хабарлады агенттікке ҚР ІІМ әкімшілік полициясының комитеті (ӘПК).
Дүйсенбі күні таратылған ақпаратта айтылғандай, полиция балық пен балық өнімдерін заңсыз сатып алуға, өткізуге және тасымалдауға баса назар аударды.
Заңсыз балық аулау деректері бойынша құқық бұзушыларға қатысты 60 қылмыстық іс қозғалды, олардың 37-сі сотқа жолданды, 173 әкімшілік хаттама толтырылды, 570 мың теңгеден астам көлемде айыппұл салынды. Браконьерлердің мемлекетке келтірген залалы 6,3 млн. теңгені құрады, – деп атап көрсетті ӘПК.
Рейдтер барысында балықты заңсыз тасымалдаған 60 автокөлік құралы ұсталды. Аса ірі қылмыс Атырау облысының аумағында анықталды, онда «Атырау-Орал» күре жолында Атырау тұрғыны жүргізіп келе жатқан ГАЗ жүк көлігінен тиісті құжаттары жоқ 3 тонна балық табылған, – делінген полиция хабарламасында.

ӘПК мәліметтеріне сәйкес, биыл Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде браконьерлік үшін Ресей мен Әзербайжанның 32 азаматымен бірге 7 жүзетін құрал ұсталған. Заң бұзушылардан балық аулаудың 40 құралы және заңсыз ауланған 800 кг балық тәркіленген, оның 330 килограммнан астамы - бекіре тұқымдастар.
Сонымен қатар, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарында сәуір-мамырда Арал-Сырдария, Балқаш-Алакөл, Зайсан-Ертіс бассейндерінде және республиканың басқа да су айдындарында балық қорғау органдарымен бірлесіп, балықтың уылдырық шашу мауымында браконьерліктің жолын кесу шаралары жүргізілді.
Аталған аймақтарда балықты заңсыз аулаудың және балықты құжаттарсыз тасымалдаудың бір мыңнан астам дерегі анықталды. 13 қылмыстық іс қозғалды, 992 әкімшілік хаттама толтырылды, 3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. 7,5 тонна балық, аулаудың 849 құралы, 66 жүзетін құрал тәркіленді. Бұл аймақтарда браконьерлік деректер бойынша келген залал көлемі 3,3 млн. теңгеден асты.
Жалпы алғанда, биылғы жылы балық қорғау органдарымен және шекара қызметімен өзара ықпалдаса отырып қабылданған шаралар республика аумағында балықтардың уылдырық шашуы кезінде жаппай браконьерліктің белең алуына жол бермеуге жағдай жасады, – деп атап көрсетеді министрліктегілер.