Жұма, 18 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 11573 5 пікір 31 Наурыз, 2017 сағат 13:59

Бауыржан Мусин парамен ұсталды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Б.Мусин 400 мың теңге парамен ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды "baq.kz" "тілшісі.

«Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қалалық департаменті ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Б.Мусиннің мемлекеттік сатып алуға қатысушылар мүддесін лоббилеу үшін жүйелі түрде пара алғандығын анықтады», - деп хабарлады Ұлттық бюроның баспасөз қызметі.

Бүгін, яғни 31 наурызда, Б.Мусин кәсіпкерден 400 мың теңге көлеміндегі параның кезекті бөлігін алу барысында ұсталды. Ол Астана қалалық ІІД уақытша оқшаулағышына қамауға алынды.

Параның жалпы сомасы 1,4 млн теңгені құраған.

«Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген Ұлттық бюроның баспасөз қызметінің мәліметінде.

 

 

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1292
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2848
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 946
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 886