Министрлік KazSat-2-ге қатысты түсініктеме берді
2017 жылдың 31 наурызы күні Астана уақытымен сағат 08:22-де KazSat-2 ғарыштық жерсерігі басқару тетігінен айырылып қалды.
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл жоғалудың уақытша жағдаят екенін хабарлайды.
«KazSat-2» жерсерігінің қызметін еліміздегі 13 байланыс және телехабар таратанын орталық пайдаланады, қазір олардың жұмысы жүйеленген.
Қазіргі уақытта арнайы мамандар қолдан келетін барлық шараларды атқарып жатыр.
Алда, бұл мәселеге қатысты ақпараттар қосымша хабарланатын болады.
Абай-ақпарат