Қырғызстанда ертең парламент сайлауы болады
Қырғызстанда ертең парламент сайлауы болады. Сайлаудың нәтижесінде Қырғызстан Орталық Азиядағы тұңғыш Парламенттік Республика мәртебесін иеленеді.
Бүгінге дейін сайлауалды науқанына 29 партия қатысып, саяси бәсеке көрігін қыздырып жетті. Парламенттегі депутаттық мандат 120.
Сайлау Өмірбек Текебаевтың «Ата-Мекен», Темір Сариевтың «Ақ Шумкар», Алмазбек Атамбаевтың Социал-демокартиялық партиясының арасында өтуі мүмкін деген болжамдар айтылған. Алайда, бәріне қарсы электоратқа айналған қырғыз халқы «Против всех» ұранын көтерген «Жасылдар» партиясының жағына шығып жатыр деген мәлімет алып отырмыз.
Сайлау барысынан ертең оқырманды мүмкіндігімізше хабардар етіп отыратын боламыз.
Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның «Манас» әуежайын АҚШ қарулы күштері жалға алып келеді. Ресей де Қырғызстанмен әскери күштерін біріктіруге мейілінше мүдделі болып отыр.
Қырғызстанда өткен көкек айындағы төңкерістен кейін Бакиев тұсындағы Жоғары Кеңеш өз жұмысын тоқтатқан болатын.
"Абай-ақпарат"