Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 6435 4 пікір 3 Сәуір, 2017 сағат 02:11

Кореяда қазақтар ең арзан жұмыс күші болып есептеледі

Корей елінен қайтар жолда самолетке алты адам бәрінен кешігіп кірді. Бәрі өте ашулы. Жөн сұрасақ, олар үш күн бұрын келіп, корей көші-қон қызметі жібермеген соң әуежайда болып бос қалған орындарға отырып кері қайтқандар екен.

Бұрындары көптеген қазақтар мұнда келіп жұмыс тауып қалып қойыпты. Қазір онда көптеген біздің елдің азаматтары заңсыз мигрант ретінде қалып, нәпақа тауып жүр екен. Бұл жағдайдан хабардар болған соң корейлер келушілерді қатаң тексере бастапты. Осылайша, қазір көптеген жұмыс іздеп барған қазақтар онда кіре алмай жатыр екен. Бізбен бірге кері қайтқандардың айтуынша олар корей еліне кіру үшін бару-келу билетін алып, отельге брон жасапты, сондықтан оларды әуежайдағы еркін зонаға қалдырыпты, ал, тек бір жаққа билет алғандарды подвалға қамайды. Кері қайтуға билеттерін айырбастап кез-келген рейске отырғызып жатыр екен. Ал, подвалдағылардың қашан қайтары белгісіз...

Айтуларына қарағанда қазақтар онда ең арзан жұмыс күші болып есептеледі екен, сондықтан тез жұмыс табатын көрінеді. Бір-бірінен естіп корей еліне бізден барушылар көбейіп кетіпті, сонымен қатар, араб елдеріне де барушылар саны артып жатыр деседі . Меніңше енді билік әлемді жұмыс іздеп кезіп кеткен қазақтарға құқықтық, ақпараттық қолдау көрсетуі қажет сияқты. Елімізде жұмыс таба алмай шетке шығушыларды қай елге баруға болатыны жайлы ақпаратпен қамтып отырса азаматтар өзге елдің әуежайында осылайша қаңтарылмас еді. Сонымен қатар, өзге елде заңсыз жұмыс істеп арзан жұмыс күшіне айналған қандастарымызды сол елдің азаматтары басынбас үшін оларға қамқорлық жасау да қажет. Менің айтпағым, адамдар жетіскенінен өзге елден нәпақа іздемейді, егер олар өзге елде жұмыс істесе өз еліне де көмегі тиеді. Сондықтан, билік қазақ гастербайтерлерге қолдау көрсету саясатын дамытуы тиіс.

Есбол Өміржанов

Facebook-тегі парақшасынан

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286