Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2550 0 пікір 11 Қазан, 2010 сағат 04:36

«Сулпактың» 51% ресейлік «Эльдорадо» сауда желісінің негізін қалаған бизнесмен сатып алды

Алматы. 11 қазан. ҚазТАГ – Ресейлік «Эльдорадо» тұрмыстық техника мен электроника бөлшек сауда желісінің негізін қалаған Игорь Яковлев қазақстандық «Сулпак» желісінің 51% сатып алу опционын жүзеге асырды. Бұл туралы «Коммерсант»газеті хабарлайды.

Басылымның жазуынша,ол «Сулпактың» негізін қалаған Андрей Пакпен Алмаз Сұлтаннан желінің50% сатып алу опционын 2006жылы алған. Оны 2008-2009 жылдары жүзеге асыру жоспарланған болатын, бірақ 2008 жылдың басында «Эльдорадо» компаниясына 13,5 млрд рубль көлемінде салық бойынша айыптаулар тағылғандықтан, келісімшарт кейінге қалдырылды.

«Сулпакқа» кіру мәселесіне 2010 жылдың басында оралдық, - дейді бизнесмен.— Қаңтар айында «Арена» ААҚ жаңа компаниясы құрылып, «Сулпак» дүкендерінің бәрі соның иелігіне өтті. Қазіргі уақытта олардың саны 37.  ААҚ-дағы менің үлесім 51%-ға тең».

И. Яковлевпен бірге Қазақстан Халық банкінің құрылымдары да жергілікті желінің иесі атанып отыр. «Компанияның банкте  $20 млн көлемінде мерзімі өтіп кеткен несиесі бар болатын, ол ААҚ-ның 25%-на алмастырылды. Үлес банктің бөлімшесімен аффилерленген компания -  «Халык-Финанстың» атына рәсімделді,—  деп мәлім етті И. Яковлев басылымған.

Оның айтуынша, желінің басшылары тағайындалған: желінің бас директоры Денис Смирнов (бұған дейін «Эльдорадоның» жоспарлау бойынша директоры), операциялар бойынша директор Евгений Кулагин (Ресейде де осындай қызмет атқарған) болды.

«Сулпактың» өсу көрсеткіштері Ресей мен Украинадағы желілердің өсу қарқынынан жоғары»,— дейді Игорь Яковлев. Мысалы, «Сулпактың» осындай дүкендері (like-for-like) 2010 жылдың үшінші тоқсанында 2009 жылдың үшінші тоқсанына қатысты 59,2% өсім көрсеткен, соңғы тоқсанда 64% көлемінде өсім болжанып отыр. 2009 жылы желі  $139 млн пайда тапса, 2010 жылы $200 млн кіріс көреді деп отыр. Қазақстандағы «Технодом» желісінің табысы 2009 жылы $120-125 млнқұраған».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408