Ош мэриясы дауыс беру үшін қажет 2,5 мың cайлау бюллетені жетпей қалғанын мәлімдеді
Ош. 9 қазан. ҚазТАГ – Ош қаласында парламенттік сайлауда дауыс беру үшін қажет 2,5 мың бюллетень жетпей жатыр, деп хабарлайды қала мэриясы.
«Ош қаласының мэриясы дауыс беру шарасына дайындық барысында қалалық сайлау комиссиясында 2,5 мыңдай бюллетеньнің жетпейтінін анықтады», - деп мәлім етті ҚырТАГ агенттігіне мэрияның баспасөз қызметіндегілер.
Олардың атап көрсетуінше, «бюллетень жетіспеушілігі туралы ҚР президентінің әкімшілігі мен орталық сайлау комиссиясына хабарланды».
Ош қаласында дауыс берушілердің тізімдеріне 118,9 мың сайлаушы енгізілді.
Қырғызстан парламентіне сайлау 10 қазанда өтеді.