Сенбі, 24 Мамыр 2025
Жаңалықтар 3685 2 пікір 4 Сәуір, 2017 сағат 15:57

Трамп Путинмен телефонмен сөйлесіп, қолдау білдірген

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Санкт-Петергбургтегі қайғылы оқиғаға көңіл айтып, Құрама Штаттар барынша қолдау көрсетеді деген.

3 сәуірде жарияланған Ақ үй мәлімдемесінде Трамп "Құрама Штаттар үкіметі шабуылды жасағандарды жауапқа тартуға барынша қолдау көрсетеді" деген.

"Трамп және президент Путин терроризмді тезірек және үзілді-кесілді жою керек деп келісті", - делінген Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдемесінде.

Песков сонымен бірге Трамптың жарылыстан қаза тапқандардың туыстарына қайғырып көңіл айтқанын жеткізген.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2851
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4588