Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3089 1 пікір 4 Сәуір, 2017 сағат 16:01

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әкімдерге су тасқыны жағдайларын бақылауда ұстауды тапсырды

Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев су тасқыны қаупіне ұшырауы мүмкін өңірлерді қауіпсіздікпен қамтамасыз ету шаралары жөніндегі баяндамаларды тыңдап, әкімдерге жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысын аша отырып, күн тәртібіне тоқталмастан бұрын, Қазақстандағы су деңгейінің көтерілуі мәселесіне тоқталды және ҚР ішкі істер министрі Қ. Қасымовтың, сондай-ақ, Қарағанды, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдерінің ағымдағы су деңгейінің көтерілу жағдайы мен төтенше жағдайларды ескерту шаралары туралы баяндамаларын тыңдады.

«Құрметті әріптестер, жергілікті орындардағы жағдайды бақылауда ұстауды тапсырамын, үйлестіру жұмыстарына Асқар Ұзақбайұлы жауапты (Мамин – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары)», - деді Б. Сағынтаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында орын алған қайғылы жағдай туралы белгілі болды, нәтижесінде Қарқаралы ауданының Нүркен Әбдіров атындағы ауылында екі ағайындыны Қопа өзенінің ағысы алып кеткен болатын.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5352