Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2548 0 пікір 12 Қазан, 2010 сағат 10:50

Президент ГФР Бундестагының төрағасымен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Астана. 12 қазан. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ГФР Бундестагының (парламенті) төрағасы Норберт Ламмертті қабылдады, деп хабарлады сейсенбі күні президенттің баспасөз қызметі.

«Кездесу барысында Қазақстан-Германия ынтымақтастығының кең көлемді мәселелері, парламентаралық байланыстар мен халықаралық күн тәртібі талқыланды», - делінген Ақ орда сайтындағы ақпаратта.

Кездесуден кейін журналистерге арналған брифингте Н.Ламмерт Қазақстан ГФР-ның Орталық Азиядағы маңызды серіктесі болып табылатынын атап өтті. Екі ел өз өңірлеріндегі негізгі серіктестер және экономика мен саяси салалардағы ынтымақтастықты үнемі жоғары деңгейде қолдап келеді, деп хабарлайды баспасөз қызметі

«Германиялық кәсіпорындар сіздердің елмен ынтымақтастыққа зор көңіл аударып отыр, өйткені ГФР мен Қазақстанның экономикалық өзара әрекеті шын мәнінде жоғары әлеуетке ие», - деп мәлім еткен қонақтың сөзін баспасөз қызметі келтіріп отыр.

Ол сондай-ақ, Германияның Қазақстанның халықаралық бастамаларын қызығушылықпен бақылап отырғанын айтты. «Бұдан үш жыл бұрын мен Берлинде президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездестім, біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына ГФР-ның қолдау көрсету жайын талқыладық. Мен биылғы жылы желтоқсанда, әсіресе осындай ұзақ мерзімнен кейін, Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитін жоғары деңгейде өткізудің өзі сіздердің елдеріңіз үшін зор табыс болып табылады», - деп атап өтті Н.Ламмерт.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408