Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2254 0 пікір 14 Қазан, 2010 сағат 05:42

Сенат Еуропа инвестбанктің Қазақстандағы қызметін реттейтін рамалық келісімді ратификациялады

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ - Елена Преображенская. ҚР парламент сенатының депутаттары бейсенбі күні пленарлық отырыс барысында «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Инвестициялық Банкі арасындағы Еуропа Инвестициялық Банкінің Қазақстан Республикасындағы қызметін реттеу туралы рамалық келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңын қабылдады.

Аталған рамалық келісімге 2010 жылдың 10-сәуірінде Брюссельде қол қойылған.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысына сәйкес, осы келісімнің 2-бабына сәйкес банк Қазақстанда ерікті түрде келесідей қызметтерді жүзеге асыра алады: түрлі жобаларды қаржыландыру үшін займдар және/немесе кепілдік ұсыну, Қазақстан заңына сәйкес барлық рұқсат етуші құжаттарды пайдаланып сырттан ақшалай қаражат алу, сонымен қатар бұл қаражаттарды сақтау мен есепшоттарды кез-келген валютада басқару.

Сондай-ақ, келісімде банктің активтерін кез-келген шығыннан, тінту және қамауға алу шараларынан босататын, Қазақстан азаматтары болып табылмайтын банк өкілдеріне сот және әкімшілік қудалаудан иммунитеті сияқты банк артықшылықтары мен иммунитеті, сонымен қатар дипломатиялық артықшылықтар мен жеңілдіктер қарастырылған.

Бұл келісім шексіз мерзімге жасалды. Келісім банк Қазақстан үкіметінен ратификациялау құжатының куәландырылған көшірмесін алғанын растағаннан кейін келесі күні күшіне енеді.

Еуропаның инвестициялық банкі – Еуропа одағының мемлекеттік қаржы-несие мекемесі. 1958 жылы ЕО мемлектетерінің мүддесін қорғайтын нысандарды салуға және қайта құруға арналған несиелер беру мақсатында құрылған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439