"Боруссия" автобусы жарылды - Чемпиондар лигасының "Монакомен" ойыны өтпей қалды
Германияда сейсенбі күні кешкісін Дортмунд қаласының "Боруссия" футбол командасының автобусында жарылыс болды. Команда басшылығының Twitter арқылы хабарлауынша, "жарылыс футболшылар тоқтаған қонақ үйдің маңында болған".
Жарылыстан боррусиялық қорғаушы Марк Бартра зардап шекті, ол ауруханаға түсті.
"Стадион мен оған жақын маңда ешқандай қауіп жоқ", - делінген "Боруссия" твитінде. Дортмундтық клуб мәліметі бойынша, команда автобусының екі жеріне зақым келген. Норберт Дикель (Norbert Dickel) стадионының өкілі жанкүйерлерді сабырға шақырды. "Мұнда - стадионда дүрлігуге себеп жоқ", - деді ол.
Дегенмен, жарылыстан соң ойынды 12 сәуірге ауыстыру туралы шешім қабылданды. Полиция стадиондағы күзетті күшейтті.
11 сәуірде футболдан Чемпиондар лигасының ширек финалдағы екі кездесуі өту керек болған. "Боруссия" мен "Монако" арасындағы матч жарылысқа байланысты бір күнге шегерілді.
Абай-ақпарат