Өзін таныған ұлт қана құлдан патшаға айналады
Руxани әлемі бай ұлт қана ұлы істерді жүзеге асыра алмақ. Өзін таныған ұлт қана құлдан патшаға айналады.
Руxани өрлеген қоғам ғана өмірдің кез келген саласында зор жетістіктерге жетпек. Біз мемлекет тарапынан руxани жаңғыру бағдарламасын ұзақ күттік, қоғамда осындай бағыттағы идеологиялық құжат көптен бері сұраныста еді.
Елбасының бүгінгі мақаласы - үлкен өзгерістердің басы деп есептеймін.
Руxани модернизация - бұл кез келген адамның жан-дүниесінде болып жатуға тиіс үрдіс. Зердесі өспеген, ішкі әлемі кедей адамның қоғамға да, өзіне де берері аз.
Мақалада көрсетілген бағыттар шын мәнінде және тиянақты жүзеге асса, біздің ұлттың жаңа бір белеске шығары анық. Ал, латиницаға көшу - ұлт өміріндегі бетбұрысты оқиға.
Латиница арқылы біз әлемдік ақпарат кеңістігіне кіріп қана қоймаймыз, біз ең алдымен орыстың идеологиялық құрсауынан құтылар едік.
Ақберен Елгезек
Facebook-тегі парақшасынан