Дүйсенбі, 25 Наурыз 2019
1218 5 пікір 17 Сәуір, 2017 сағат 09:52

Түркиядағы референдум: Ердоған жеңді

Мемлекеттік Анадолы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 16 сәуірде өткен реформада Түркия азаматтарының басым бөлігі Конституцияға түзетулерді қолдады. Ол бойынша парламенттік республика президенттік басқару жүйесіне көшеді.

Сайлаушылардың 51,35 пайызы (24 миллион 326 мың сайлаушы) "ия" деп жауап берсе, 48,65 пайызы (23 миллион 187 мың сайлаушы) қарсы шыққан. Бұл - ел тарихында соңғы 100 жылдағы ең ірі реформа.

Референдум нәтижесі бойынша президент Режеп Тайып Ердоғанның құзыреті күшейеді. Енді ол вице-премьерлерді (премьер-министр қызметі жойылады), Конституциялық сот судьяларын және Жоғарғы кеңес мүшелерін, прокурларды өзі тағайындайды, парламентті таратып, елде төтенше жағдай жариялай алады. Бұған қоса, Ердоған билікте 2029 жылға дейін қала алады.

Референдум кезінде оппозициялық партиялар мен БАҚ сайлау учаскелерінде және оның сыртында көптеген заң бұзушылықтар болғанын хабарлады. Сайлау күні үгіт-насихатқа тыйым салынғанына қарамастан, ірі қалаларда билік басындағы Әділет және даму партиясының плакаттары ілулі тұрды.

Оппозициялық Республикалық халық партиясы өкілдерінің мәлімдеулерінше, сайлау учаскелерінің 60 пайызында заң бұзушылықтар тіркелген. Бұған қоса, оппозиция есептелмеуі тиіс 1,5 миллион дауысты билік есептеп жібергенін хабарлады.

Абай-ақпарат

5 пікір