Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5368 1 пікір 18 Сәуір, 2017 сағат 20:32

Өмірзақ Шөкеев: "Самұрық-Қазынаның" қаржылық және өндірістік көрсеткіштері өсіп келеді

Бұл туралы Қазақстан Үкіметінің отырысында "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев хабарлады.

"Жедел берілген мәліметтер бойынша, 2017 жылдың 3 айы ішінде ірі 12 қоржынды компанияның біріккен табысы 1 146,5 млрд теңгені құрады, бұл 2016 жылдың балама кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 55%-ға жоғары және жылдық жоспардың 27%-на тең", - деп атап өтті Ө.Шөкеев.

Оның сөзіне қарағанда, Топтың жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда екен. Қазіргі уақытта қордың 215 компаниясының 124-і жекешелендірілген.

Сонымен қатар 1-тоқсанда Топтың өндірістік көрсеткіштері бойынша да оң динамика байқалады. Мәселен, мұнай мен газ конденсатын өндіру 5,76 млн теңгені құрады, бұл өткен жылдың балама кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға жоғары. Табиғи газ өндірісінің көлемі 1,40 млрд шаршы метрге тең, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10%-ға артық. ҚМГ тобы бойынша қазақстандық МӨЗ-дердегі мұнай өңдеу көлемі 3,03 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылғы балама көрсеткіштен 31%-ға жоғары.

"Теміржол көлігі арқылы жүк тасымалдау көлемі есептік кезеңде 47,94 тонна-шақырымды құрады, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 14%-ға артық. 7 367,0 млн кВтс көлемдегі электр энергиясы өндірісі бойынша "Самұрық-Энерго" АҚ да өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 34,5%-ға артық нәтиже беріп отыр. Электр энергиясын тасымалдау да 2016 жыл көрсеткішінен 13%-ға асып түсті", - деді Ө. Шөкеев.

Құны 1,8 млрд доллар болатын "Нұрлы Жол" бағдарламасы да табысты түрде жүзеге асырылуда. Жекелей алғанда, "Боржақты-Ерсай" теміржол желісі құрылысы, "Қорғас - Шығыс Қақпа" арнайы экономикалық аймақ құру және оны дамыту жобасы, "Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік транзиті" "Екібастұз-Шүлбі СЭС-і-Өскемен" 500 кВ желісінің құрылысы" жобасының бірінші кезеңі және тағы басқа жобалар 100%-ға орындалды.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2059