Сенбі, 23 Қараша 2024
Жанайқай 7876 0 пікір 12 Мамыр, 2017 сағат 14:13

Айғанымдықтар Амандық Баталовтан көмек сұрайды

Алматының  іргесінде орналасқан Айғаным ауылында жол мен су, мектеп пен емхана жоқ, - деп хабарлайды "Алматы" арнасының тілшілері.

Айғаным аулы Алматы облысының Талғар ауданына қарайды. Жазда шаң, қыс-көктемде батпақ. Айғанымдықтардың жанайқайына бас ауыртып отырған әкімдік жоқ көрінеді. Ауыл тұрғындары сөйдейді.

Жүре сөйлеп, сылбыр қимылдайтын әкімдіктегілерге ашынған айғанымдықтар Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтан араша сұрап отыр.

«Осыншама қиыншылық көрдік 8 жылдың ішінде. Балаларда ауыра береді кешке дейін. Не скори жоқ. Не медпунктіміз жоқ. Не дұрыс әкіміміз де жоқ,  халықтың алдынан дұрыс өтіп кететін. Негізі, бұл ауылға келгенде, туған бала қазір мектепті бітіріп кетіп те жатыр. Сол күйі ауылының мектебін көрмеген. Міне, бұл ХХІ ғасырдағы бай, дәулетті Қазақстанның көрінісі»,- дейді Айғаным ауылының тұрғыны Болат Сабинов.

(Ескерту: Бейне жазбада бейәдеп сөздер айтылған)

Талғар ауданы әкімдігінің құрғақ уәдесінен жалыққан жұрт өз күштерімен шағыл жол жасатып жатыр екен.

Әлгі шағылдың бір мәшинесі 35 мың теңге тұрады. Былтыр бюджеттен тендер жарияланып, ауылға ауыз су тарту мәселесі шешіледі дегенде, мердігер компания жұмысты жарты жолда қалдырған. Су жүргізу үшін қазылған жерлер қазір  жер астының сасық суына толып, балалар мен сиыр түсіп кететін апанға айналған.

«Ай Абылай» мен «Айғаным» атты екі шағын ауданда 2 мыңнан астам үй, 10 мыңға жуық ел тұрады. Үлкен ауылда аурухана, мектеп деген атымен жоқ. 700-дей бала мектепке барса, оның 350-і Еркін ауылына, қалғаны Өтеген, Қызыл ту сынды көлікпен ғана жететін елді-мекендерге барып оқуға мәжбүр.

"Негізінен, оқушыларды мектепке тегін таситын автобус бар. Онысы ескі, өте шағын. Көп бұзылады, бала сыймайды, қайта-қайта қатынауға мәжбүр. Автобус сынса, ел балаларын таксиге салады. Ақысы 100 теңге болатын. Қазір 150 теңге қылып алды. Таксиді де түсінуге болады, жаман жол қойсын ба, машинаның түгін қалдырмайды" дейді ауыл тұрғындары.

«Міне, бала-шағаның түрі. Адам сияқты жібереміз, мал сияқты келеді. Киімнен киім жоқ. Әкім бізге келмейді. Ешқандай жиналыс өткізбейді де. Ұяламыз біз. Өз жерімізде отырып, осылай тұрып жатқанымызға ұяламыз. Халық ашынып, уже ызасы келгеннен ештеңе айтада алмайды», - дейді Айғаным ауылының тұрғыны Әсел Құсайынова.

Ауыл тұрғындарын тығырыққа тіреген тағы бір мәселе - ауыз су.

Бұл ауылда жер асты суы жердің беткі қыртысына өте жақын орналасқан. Көктем мен күзде су көтерілгенде қазған құдықтың суы лайланып кетеді. Әкім мен оның қарамағындағылардан күдері үзілген жұрт өз бетімен құдық қаздыртып алған. Ол да ақша тұрады. Шығыны 100-150 мыңға барады.

Өз бетімен қазылған құдықтың санитарлық нормалары сақталмағандықтан, мұнда бала-шаға инфекциялық ауруларға жиі шалдығады.

Айғанымдықтардың жанайқайына әкім не дейді?

Әкімнің айтуынша,  алып бара жатқан ештеңе жоқ, барлығы бақылауда. Округтің ауыз суын тартуға 544 миллион теңге қарастырылған. Оның қалған 130 миллион теңгесі берілсе, былтыр шала қалған жұмыстар биыл бітуі тиіс екен.

«Былай қарай аудандық ЖКХА қарау керек. Ол өзінің өкілін қойған уақытысында ЭНЕРГОСБЫТ-қа ақшасын төлеп тұру үшін. Балансқа өтпегендіктен сондай тариф болып тұр. Мектепке 1.7 гр жер телімі бөлінген. Мемлекеттік актісі алынған. Біз енді білім бөліміне де, облысқа да бәріне тапсырыс бердік», - деді Талғар ауданы Қайнар ауылдық округінің әкімі, Жандос Ясинов.

Нұрзат Тоқажан

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434