"Шаншардың" әзілі шыққанға дейін жазуым керек еді...
...1-3 сыныптарда біз үнемі балаларды мектептен алып кететінбіз, кейбір ата-аналар сыртымыздан күлетін, бетімізге айтқандары да болды: "дардай болғанша жетелеп жүресіңдер ме?" деп.
Мен олардың балаларына аянышпен қарайтынмын: байғұстар ауыр сөмкелерін бірі сүйретіп, бірі асынып ақсаңдай басып кетіп бара жататын...
Енді көбінің балалары дене шынықтырудан себепті анықтама бойынша босатылған...
...Қазір мектепке барсаңыз қараңызшы, 5 минуттық үзілісте жүрелеп, тас бардюрге отыра кеткен топ-топ баланы көресіз, біз кезінде 45 минут бойына қақиып тұра беретін едік.
Бұл - жастайынан белі қайысқан ұрпақтың омыртқасында жарық бар деген сөз...
Қалмағанбет Мұхамедқали
Facebook-тегі парақшасынан