Жексенбі, 20 Сәуір 2025
46 - сөз 5193 0 пікір 16 Мамыр, 2017 сағат 10:28

"Маған бұйырмаса, басқаға бұйырмасын"

"Маған бұйырмаса, басқаға бұйырмасын" деген психологиядан қашан арыламыз? Қазір қалада көлік қоятын жер жоқ.

Барлық жерде паркоматтарды қойып тастаған. Сағатына 100 теңге, яғни офисте 9-10 сағат отырсаңыз, күніне 900-1000 теңгені шашасыз. Содан амалсыздан үй аулаларын қарайсыз, онда бос жерлерді қоршап тастаған. Ондаған машина түгілі, қала бойынша мыңдаған машинаны күндіз қоюға болатын жерлер мына суреттегідей қоршаулы тұрады. Күні бойы басқаға пайдасын тигізудің орнына бос тұрады.

Өткен жылы Алматыда мұның заңсыздығын айтып, арнайы рейд жүргізіп, көлік иелеріне айыппұл да төлетті. Бірақ ешнəрсе өзгерген жоқ. Əкесінен қалған жердей аулалардағы бос орындарды қоршап, ешкімді жолатпайтын қызғаншақтар баршылық. Осыны қалай тыюға болады? Бұған қатысты шаралар неге нəтиже бермейді?

Кәмшат Тасболат

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2059
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4919
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4120