ОҢТҮСТIК КӘСIПКЕРЛЕРIНЕ — 2,1 МЛРД. ТЕҢГЕ
Жуырда оңтүстiкқазақстандық кәсiпкерлер жұмысына серпiн берерлiктей қуанышты жағдай болды. «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша биыл республикалық бюджеттен Оңтүстiк Қазақстан облысына 2126643 мың теңге бөлiнiп, оның алғашқы бөлiгi банктердiң есебiне түсе бастады. Елiмiздiң стратегиялық даму жоспарының бiр тетiгi болып табылатын осы бағдарламаға бөлiнген қаржы қандай мақсаттарға жұмсалмақ? Бiзге бұл жөнiнде «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қоры» АҚ облыстық филиалының директоры Самат АҚылбеков былай дейдi:
- Үкiмет кәсiпкерлердiң өз аяғына тұрып кетуi үшiн биыл да қолдан келгенше көмек көрсеткелi отыр. «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасын iске асыру шеңберiнде мемлекет қаржысының басым бөлiгi кәсiпкерлердiң бұрынғы алған несиесiнiң пайыздық ставкасын субсидиялауға 668,1 млн. теңге, өндiрiстiк инфрақұрылымды қалыптастыруға 729,6 млн. теңге жұмсалатын болады. Сондай-ақ, бағдарлама шеңберiнде алынатын несиеге кепiлдiк беру, бизнестi жүргiзуге сервистiк көмек, экспортқа бағытталған өндiрiстердi қолдау бағытына мақсатты трансферттер бөлiнген.

Үкiмет қаулысына сәйкес «Даму» қоры бүгiнде қаржы агентi түрiнде қызмет көрсетуде. Қазiргi таңда бағдарламаға қатысуға 15 банк келiсiмiн берiп, келiсiмшартқа қол қойған. Олардың арасында «Қазақстанның халық банкi» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «АТФбанк» АҚ, «Нұрбанк» АҚ, «БТАбанк» АҚ және басқа да көпшiлiкке танымал қаржы институттары бар. Кәсiпкерлерге қолдау көрсетудi жақсарту үшiн жергiлiктi әкiмдiктердiң жанынан өңiрлiк үйлестiру кеңесi құрылып отыр. «Даму» кәсiпкерлiктi дамыту қорының және банктердiң аймақтық филиалдарының басшылары, кәсiпкерлiк бiрлестiктердiң өкiлдерi, сондай-ақ, тәуелсiз сарапшылар қатысатын консультативтiк-кеңесшi органның жұмысына жергiлiктi атқарушы орган басшылық жасайтын болады.
С.ОРАЗАЛЫҰЛЫ