Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3451 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 18:00

КҮРIШТЕН ДЕ КIРIС БАР

Кезiнде күрiш өсiрумен атағы бұрынғы одаққа дейiн мәлiм болған Шардарада осы дақылды қайта өсiруге деген құлшыныс байқалады. Әсiресе, Ұзыната ауылының диқандары соңғы жылдары бұл iске бiлек сыбана кiрiстi. "Нұрман" шаруа қожалығының жетекшiсi Абай Тiлеубаев былтыр көршiлес Қызылорда облысының шаруашылықтарынан "23-03" күрiш сұрпының әр келiсiн 120 теңгеден әкелiп егiптi. 15 гектар алқаптың түсiмдiлiгi орта есеппен 63 центнерден айналған. Абайдың бастамасымен биыл ондаған шаруа осы дақылды егуге бет бұрыпты.

- Мақтамен салыстырғанда күрiшке шығын аз жұмсалады, - дейдi едәуiр тәжiрибе жинақтаған А.Тiлеубаев. - Бұл дақылдың тиiмдiлiгi жоғары. Былтыр жинаған өнiмдi тұқым ретiнде өзге шаруаларға босаттым.

Диқанның айтуынша, 1 гектарға 35-40 мың теңгенiң төңiрегiнде қаржы жұмсалады екен. Әр гектардан 6,3 тонна өнiм бастырылса, оны диiрменнен өткiзiп, 3 тоннадай таза күрiш алған. Ал, оның әр келiсi базарда 200 теңгенiң үстiнде екенiн есептесек, қыруар пайда табуға болады. 1 гектар танапқа 200 келi тұқым жеткiлiктi көрiнедi.

- Бүгiнде бұл мәселе бойынша "Оңтүстiк" әлеуметтiк кәсiпкерлiк корпорациясы бiрқатар игiлiктi шаралар атқарып жатыр, - дейдi Шардара ауданының әкiмi Марғұлан Марайым.

- Қазiргi таңда техниканың, қоймалардың, егiлетiн алқаптардың жағдайына, каналдарға, су жеткiзуге, дақылдың тұқымына түгел сараптама жасалынды. Күрiштiң тұқымы бұрын Краснодардан әкелiнiп, жергiлiктi тұқыммен аудандастырылған. Өзбекстаннан әкелiнген  сұрпы да қолданылып жүр. Жалпы, тұқым шаруашылығымен "КазАгроинновация" АҚ айналысатыны белгiлi. Олардың баланста жерлерi де бар. Бұрынғы күрiш ақтау зауытының ғимараты сақталған. Аз-кем жөндеу жұмыстарын жүргiзсе, қайта iске қосуға болады. 10 каналдың 8-i жөндеуден өттi. Сөйтiп, 8 мың гектар суармалы танап айналымға қайта қосылды.

Аудан әкiмiнiң айтуынша, Шардара сервистiк дайындау орталығы күрiш егетiн шаруалардың қолын ұзартпақ. Бұлар ең алдымен, техникалық қызмет көрсетумен айналысады. Келешекте жиналған өнiмдi тиiмдi бағамен сатуға да септiгiн тигiзбек. Қазiр кiрiсi мол дақылдың "Ақ маржан" және "Авангард" сұрыптары егiлiп жүр. Әрине, Қызылорда облысының күрiшшiлерiмен бәсекелестiк деңгейге жетуге әлi ерте.

Биыл 1483 гектарға күрiш егудi меже тұтқан шардаралықтар осы кезеңге дейiн 400 гектардан астам алқапқа дән сеуiп үлгерiптi. "Жол картасы" бағдарламасы бойынша 130 мың шақырымнан астам каналдар тазаланып, қалпына келтiрiлiптi. Етектегi ел дарияның суымен мол өнiм алып жүр. Ендеше, Сырдың сағасындағы Шардараның бұрынғы дүрiлдеген даңқы қайта айналып келiп жатса, айып па?!

Серiкқали ЖЕКСЕНБАЕВ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273