Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4495 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 19:15

Құрылыс қарқыны қуантарлық

Құрылысшы ең бейбіт, жасампаз мамандықтардың бірінен саналады. Бұл мамандық иелерінің жаздың аптап ыстығына, жауын-шашынға, күннің үскірік суықтығына қарамастан еңбек етіп, қалың жұртшылықты жаңа баспана немесе сәулетті мәдениет үйі, мектеп, аурухана сықылды нысандармен қуантып жүргендері... Бүкіл әлем көз тігіп, таңдай қаққан тәуелсіз мемлекетіміздің жас астанасы Астананың да сүліктей сұлу көшелері мен зәулім ғимараттарында, жаңа тұрғын үй кешендерінде құрыш қолды құрылысшылардың қолтаңбасы қалып жатыр. Сондай-ақ біздің өңірдің де жыл санап өркендеуінде, экономикасының өрге тартуы астарында құрылыс саласының өзіндік үлесі зор екендігі айқын.

Биылғы алты ай ішінде облыс құрылысшылары 10375,7 млн. теңгенің құрылыс жұмыстарын игерді. Осы мерзімде 76,1 мың шаршы метр тұрғын үй са­лынып, пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес ке­зеңіндегі көрсеткішпен са­лыс­тырғанда 136,1 пайызды құ­рады. Орал қаласында «Тұр­ғын үй - жастарға» бағ­дар­ламасы бойынша екінші 90 пә­тер­лік, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға ар­налған екінші 240 пәтерлік үй бой көтерді. Сонымен қатар жеке үй құрылыс жұмыстары да қарқын алып отыр. Әсіресе, жеке үй құрылысын салу өткен жылмен салыстырғанда Жаңақала, Жәнібек, Қазталов, Қаратөбе, Сырым, Теректі, Шыңғырлау аудандарында жә­не Орал қаласында едәуір өскен.

Күллі еліміздегідей «100 мектеп, 100 аурухана» бағ­дар­ламасы  бойынша облы­сымызға биылға 406 млн. теңге қаралған болса, оған Оралдағы 9-шағынауданда 128 пәтерлік тұрғын үй (мердігері «Болашақ» ЖШС) мен Зеленов ауданындағы 15 бір пәтерлік несиелік тұрғын үй құрылысын аяқтау көзделуде. (Қаржыландыру жоспарына сәйкес бірінші жартыжылдықта тапсырыс берушілерге (қала­лық және Зеленов ауданы әкімдіктеріне) 235,6 млн. теңге аударылып, қомақты қаржы толықтай игерілді.

- Облысымызда ком­му­нал­дық тұрғын үй құрылысына республикалық трансферттер­ден биылға 586 млн. теңге бөлінген. Бөлінген қаржыға 10,3 мың шаршы метр коммуналдық (жалға  берілетін) тұрғын үй салу көзделген. Соның ішінде Орал қаласында  75 пәтерлік  және12 ауданда  бір-екі пәтерлік тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарланған. Ағымдағы жыл­дың алты ай мерзімі ішінде жоспарлы бөлінген 282,8 млн. теңге 100 пайыз игеріліп отыр.  Қазіргі уақытта жалға берілетін үй құрылысы қарқынды жүруде, - деді облыстық құрылыс басқармасының бөлім бастығы Наталья Шаталова (нысандарды кестеден қара­ңыз).

Сондай-ақ биыл инженер­лік-коммуникациялық инфра­құ­ры­лым­дар құрылысына 1425,0 млн. теңге республикалық тра­нс­ферт­тер бөлінген. Оның 1232,0 млн. теңгесі Орал қаласына және 193,0 млн. теңгесі облыстағы 12 аудандағы құрылысқа жұм­салады. Биылғы алты ай ішінде жоспарланған 842,4 млн. теңге толығымен игерілген. Бүгінде тендерлер өтіп, анықталған мердігер компаниялар құрылыс жұмыстарын бастап кетті.

- Облыс тұрғындарын та­за сумен қамту бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Биылғы есепті мерзімде республикалық және жергілікті бюджеттерден бөлінген жоспарлы  464,8 млн. теңге 100 пайыз игерілуі де құрылысшылардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Мысалға, биыл елді мекендерде ауыз сумен қамтудың 11 нысанын салу басталса, соның алтауы осы жылы іске қосылады. Жыл соңына дейін шамамен 166,3 шақырым ауылдық су құбыры пайдалануға беріліп, тоғыз мыңнан астам тұрғындар сапалы суға қол жеткізеді, - дейді бөлім бастығы Темірболат Досқазиев.

Қаратөбе және Тасқала ау­дандарында республикалық бюджет қаржысы есебінен екі мектеп пен 300 орындық мектеп жанындағы интернат үйі құрылысы жүруде. Бірінші жартыжылдыққа қаралған қаржы толық игерілді. Қара­төбе ауданындағы мектеп мемлекеттік комиссияның қа­был­дап алуына дайын. Ала­й­да қаратөбелік және тас­қа­ла­лық жаңа мектептерге рес­публикалық, облыстық бюд­жеттерден қосымша қаржы бөлу мәселелерінің шешілмеуіне байланысты Қаратөбе ауылындағы дайын мектепті пайдалануға беру кейінге жылжытылған.

Жергілікті бюджеттен бө­лінген 186,7 млн. теңгенің 185,8 млн. теңгесі бірінші жартыжылдықта  (99,4 пайыз) игерілген. Соның ішінде Теректі ауданындағы Жайық ауылында 96 оқушы оқитын мектеп пайдалануға берілді. Шыңғырлаудың Новопетров селосындағы 108 орындық мектеп құрылысы да аяқталып қалды. Қазіргі уақытта Зеленов ауданында Январцев балалар үйінің моншасы, Желаев ауылында 140 орындық және Оралда Самал көшесінде 320 орындық, Қазталов ауданының орталығында 280 орындық бала­бақшаның құ­ры­лысы басталды. Оралда бой көтеретін 320 орындық балабақша мен 1200 бала оқи­тын мектептің жоба­лау жұмыстары жүруде.

Биыл денсаулық сақтау нысандары құрылысына 8425,4 млн. теңге қарастырылған бол­са, алты айда жоспарлы қаржының 96,4 пайызы, яғни 5530,7 млн. теңгенің 5332,9 млн. теңгесі игерілді. Орал қаласында ауысымына 500 адамды қабылдайтын емхана мен Теректі ауданындағы Ақжайық ауылында 100 кереуеттік аудандық аурухана құрылысы бітіп, пайдалануға берілді. Переметный ауы­лын­дағы 120 кереуеттік аудандық орталық аурухана шілде айында мерзімінен бұрын іске қосылды. Сонымен қатар Круглоозерный ауылында ауысымына 75 адамды қабылдайтын амбулатория құрылысы жергілікті бюджет есебінен жүріп жатыр. Желаев ауылында жаңа амбулатория іске қосылды.

Міне, облыс құрылыс­шы­ла­ры­ның тынымсыз жұмыстары ар­қасында ауыл-аудандарда жаңа нысандар салынып, халыққа пайдалануға берілуде. Желтоқсан айында Оралда 75 пәтерлік жалға берілетін тұрғын үй құрылысы (мердігері «Отделстрой» ӨК) аяқталады.  Биыл жылдың аяғына дейін әлі де біраз құрылыстың жұмысы бітіп, іске қосылатыны кәміл.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279