Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5744 0 пікір 24 Мамыр, 2017 сағат 11:57

МЧС неге келмеді?

Кеше түске жуық достармен көкке шығып кеттік! Күн шайдай ашық еді. Жылдағы əдетімізге салып,Табаган демалыс аймағына көтеріліп бара жатқанда солға кіріп кететін сай бар! Жолы қара топырақты, жеңіл көлік жүретін жер.

Трассадан жүз метр көтеріліп отырсақ та болар еді. Таудың басына таман шығу ауылдан қалған əдет екен. 1,5 шақырым жоғарылап кеттіппіз. Бəрі керемет болып жатыр еді. Шашлығымызды жеп сірнемізді күтіп отырғанбыз.

Кенет батыстан қара бұлт төнді. Өткінші жаңбыр деп мəн бермедік. Жолдың қара топырақты жəне бір-екі жері тік "калеялы" екенін ойлағанша бұршақ құйды. Арты ақ жауын болып, біз отырған жерден лайлы сел басталды.Содан жаңбырға қарамай ерте жарықта төмен түсуге бел байладық. Бес машинамен барып едік. Қайтар жолды су шайып кеткен. Жаңбыр тоқтамай екі сағат жауды. Жаңағы 1.5 км жолмен трасса дейін 2 сағатта əрең жеттік. Көліктерімізге зақым келтірмей аман жеткенімізге шүкіршілік айтып трассамен төмен түсіп едік...

Талғар трассасынан 5 км жерде "Пикник" деген кафенің тұсын лайлы сел алып, жолды жауып тастапты. Лайлы көшкіннің трассаның ұзындығы 200-300 метр тереңдігі 0.5-1.0 м дейін аумақты алған.Көліктер өте алмайды. Біз бұл жерге 21.30-да келдік. Келсек үш машина өте алмай тұр екен. Содан біз келдік, артымыздан басқа машина келмеді. Сосын Табағанның жоғарғы жағында жолды жауып қалғанын түсіндік. Актив байланысы ұстамайды екен. Белайн тауып 112-ге звандап ала алмадық. Таныстарымызға звандап, МЧС-пен əрең байланысқа шықтық. Бірақ МЧС келмеді. Сағат он бірлерде бір погрузчик ПДМ келіп еді. Көшкіннің үстінен өтіп, жоғары кетіп қалды. Сөйтсек жоғарыда тағы жолды жауып қалып, бір крутой өзінің погрузчигін шақырған екен. Сағат 00.00-ден асқанда Табағанның жоғарғы жағынан машиналар келе бастады. Біз жаңағы бізге тоқтамай кеткен Погрузчик жоғарғы жолды тазалағанын түсіндік. Сол уақытта бір мазда келіп асығып лайға түсті де кетті. Сөйтсек ішінде жүрегі ауырған бір жігіт отыр екен. Төменнен жедел жәрдем шақыртыпты. Жарты метрлік лайдан мазданы таблетка Уазикпен əрең шығарып алдық. МЧС-тен күдер үзіп отырғанда жаңағы ПДМ келіп, төмен жолды күреп өтті.

Сонымен отыздай машинаны бір "крутой" шақырған "Погрузчик" құтқарды. Төмен түссек, МЧС-тің грейдері жолдағы көпірдің бетіндегі сантиметрлік лайды күреп ерігіп жүр...

МЧС-тен көшкін жүру қаупі бар деген смс келгенде мəн бермеуші едік..Бүгін өзіміз тап болдық. Түнгі 1.30-да əйтеуір барған достарымыз қалаға аман-сау кірдік...

Ерқанат Тұрсынжанұлы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377