Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3563 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 20:12

ЖАҢА ЖОБАЛАРДЫҢ ИГІЛІКТЕРІ МОЛ

Кеше Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтейік!» атты жалпыұлттық акция болып өтті. Онда еліміздің әрбір аймағы өздерінде қолға алынған инвестициялық жобалар туралы тікелей телекөпір арқылы баяндады. Елбасына облыс әкімі Бақытжан Сағынтав Ақсу ферроқорытпа зауытында агломерат цехының және Екібастұзда жүк вагондарын құрастыратын кәсіпорынның алғашқы кешендері іске қосылғанын мәлімдеді.

Бүгінде Президенттің Жолдауына сәйкес елімізді индустрияландыруға баса мән берілуде. Арнайы бағдарлама шеңберінде биылғы жылы республика бойынша жалпы саны 144 жаңа жобаны іске асыру жоспарланса, алғашқы алты айда соның 72-сі сәтті түрде бастау алды. Елімізді индустрияландыру бағытында Павлодар облысының қосып отырған үлесі айтарлықтай. Жыл басынан бері аймағымызда 12 жоба жүзеге асырылды, жыл соңына дейін тағы осынша инвестициялық жобаның тұсауы кесілетін болады.
Жалпы, тікелей телекөпір барысында Президентке әр аймақтың басшылары жергілікті жерде іске асырылып отырған игілікті жобалар хақында егжей-тегжейлі әңгімеледі. Соның ішінде Павлодар облысында акция шеңберінде іске қосылған агломерат цехының және вагон құрастыру кәсіпорнының алатын орны бөлек. Мұндай заманауи өндірістер елімізде бұрын-соңды болған емес.

- Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Өткен аптада Павлодар облысында болған сапарыңызда Сіз Қазақстан электролиз зауытының екінші кезегін іске қосуға қатыстыңыз. Бұл оқиға біз үшін үлкен мәртебе, зор абырой болды, - деген облыс әкімі Бақытжан Әбдірұлы кезекті серпінді жобаларды таныстырды.
Осыған дейін жоспарланған жобалардан басқа, Павлодар облысы таяуда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Индустрияландыру картасына тағы 12 жобаны енгізуді ұсынғаны белгілі болды. Аймақ басшысының мәлімдемесін мұқият тыңдаған Елбасы өткен аптада Павлодарда болғанында өңірдегі инвестициялық жобалар туралы мол мағлұмат алғанын, павлодарлықтардың артылған сенімнен шығып отырғанын айтты.
Ел Президентіне Ақсу ферроқорытпа зауытында агломерат өндірісін іске қосуда қамқорлық танытқаны үшін Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Арман Есенжолов та ризашылық білдірді.
Ақсу ферроқорытпа зауытында агломерат цехының құрылысы 2008 жылдың күзінде басталды. Бұл өндіріс хром және марганец рудаларын өндіріске пайдаланатын зауыт үшін аса маңызды жоба еді. Осы уақытқа дейін табиғи қорлардың қалдықтары кәсіпорынның жертөлелерінде еш пайдасыз жатып келді. Бұл қалдықтар экологиялық жағынан қауіпті де еді. Бір жағынан осы мәселені шешуді көздеген, екіншіден қалдықтарды өндіріске қайта тиімді пайдалануды ойлаған «Қазхром» акционерлік қоғамы агломерат цехын салу туралы шешім қабылдады. А.Есенжоловтың айтуынша, елімізде хром және марганец рудаларын бірге өңдейтін кәсіпорын жоқ. Жаңа өндіріс өзінің жобалық қуатына биылғы тамыз айында жетеді, сөйтіп бір жылда 350 мың тонна агломерат шығаратын болады. Осылайша, бір инвестициялық жобаның іске асуы нәтижесінде екі мәселе бірден шешімін табатын болды. Агломерат цехында 120 адам жұмыс істейді.
Айта кетелік, келешекті көздеген Ақсу ферроқорытпа зауытында бұрыннан жұмыс істейтін өндірістік пештерді күрделі жөндеуден өткізуге де көп мән берілуде. Бұл жолы зауыт 1970 жылдан бері қолданылатын №2 цехтың 26-ншы пешін модернизациядан өткізді. Небары үш ай ішінде заманауи құрылғылармен қайтадан жабдықталған пештің өндірісі 8 пайызға ұлғая түсті.
Елбасының қатысуымен өткен тікелей телекөпір барысында Павлодар облысы атынан ұсынылған екінші жоба жүк вагондарын құрастыратын кәсіпорын болды. Айта кетелік, бұған дейін елімізде жүк тасымалына пайдаланылатын вагондар жеткіліксіз болып келді. Бұл мәселені «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ екібастұздық «Таман» фирмасында вагон өндірісін жабдықтау арқылы шешуді жоспарлаған. Бұл ретте Қазақстан Даму банкінің қаржысы пайдаланылуда. Кеше вагон құрастыратын кәсіпорынның алғашқы кешені іске қосылды. 2012 жылы толық жобалық қуатын игерген тұста осы зауытта жылына 2,5 мың дана вагон шығарылатын болады. Сөйтіп қазіргі кездегі вагон тапшылығын шешуге септігін тигізеді.
Осылайша тікелей телекөпір акциясы барысында Павлодар облысы Елбасының 2020 жылға дейін қабылданған «Жаңа индустрияландыру» бағдарламасы бойынша талап етіліп отырған келелі міндеттерді толық орындап шығатындығын паш етті.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273