Жұма, 22 Қараша 2024
Әлеумет 8444 7 пікір 30 Мамыр, 2017 сағат 10:49

Тіліміз бен әдебиетіміз құрдымға кетпей ме?

Соңғы жылдары жанымды аяздай қарып жүрген ең ауыр жағдай – аты тәуелсіз, ал заты оған келіңкіремейтін мемлекетте өзіңді нағыз тәуелсіз жан сезіне алмау дер едім.

Олай дейтінім, Конституцияда «мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп тасқа ойғандай етіп жазылып қойса да, мемлекет тәуелсіздігін алғанына ширек ғасырдан асса да, ана тіліміз әлі күнге өз жерінде өгей баланың күйін кешуде екенін кім жоққа шығара алады?

Мұны аз десеңіз, таяуда мемлекет басшысысы өз аузымен: «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерін біріктіріп оқыту» керектігі туралы айтқаннан кейін, тілге, әдебиетке деген мемлекеттік құрметтің енді ешқашан да бұрынғыдай болмайтынын ойлағанда, қайран менің жүрегім жарылып кетердей күй кештім.

Бұл арада соңғы кездері енді күшіне енгелі жатқан жазушылар қаламақысын өсіру туралы заңның қажеттілігі қанша деген сұрақ туындайды еріксіз.

Бұл не:

Мақтан ба?

Мазақ па?..

Соншалықты өзінің туған ана тілінен, өзінің туған әдебиетінен безетіндей, бұл мемлекетке не болған өзі?

Өз негізінен безетіндей бұл міскіндер, сонда кімнен, неден өлердей қорқады екен?..

Тілі мен әдебиеті қажет болмаса, ондай Ұлтқа өзінің атымен басталатын тәуелсіз мемлекеттің де қажеті бола қояр ма екен?..

Ұлт тілі мен ұлт әдебиетінің болашағын шындап ойлайтын Ұлт, ұлт басшылары бар ма екен өзі, әуелі?..

Жұмаш Кенебай

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1434
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3199
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5129