Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Бұ не мазақ? 8242 4 пікір 5 Маусым, 2017 сағат 13:13

Алматының экс-полицейлері адам өлтіріп, үй сатып келген

Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің жетекшісі Алмас Сәдубаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Алмас мырзаның ақпарына сүйенсек, бұрындары құқық қорғау саласында (полиция, норатиус) қызметте болған азаматтар әлгі қылмыстық топтың мүшесі болыпты.

"ҚР ІІМ Алматыдағы ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады. Оның құрамында нотатиусы бар, бұрынғы полицейлері бар, басқасы бар барлығы 20-дан астам адам болған. Олар жалғыз басты қарт кісілерді өлтіріп, олардың пәтерлерін заңсыз саудалап отырған", - деп жазады ІІМ өкілі Алмас Сәдубаев.

Сәдубаев мырзаның "Фейсбуктегі" парақшасындағы жазбасынан ұққанымыз - тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Белгілі болғандай ұсталғандар із-түссіз жоғалып кеткен деген азаматтардың 4 бірдей пәтерін сатып жіберіпті. Ал күдіктілер дәл осындай жолмен 45 пәтерді сатқан болуы мүмкін. Қылмыстық топтың барлық мүшелері қазір тұтқында отыр екен.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2256
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3522