Қаржы полициясы статагенттік басшысының ұлттық санақ өткізу үшін деп бөлінген бюджет қаражатын жымқыруға қатысы барлығын анықтап жатыр
Астана. 3 маусым. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ҚР статистика агенттігінің төрағасы Анар Мешімбаеваның ұлттық санақ өткізу үшін деп республика бюджетінен бөлінген қаражатты жымқыруға қатысы барлығын анықтап жатыр. Бұл туралы қаржы полициясының ресми өкілі Мұрат Жұманбай хабарлады
«Қазіргі уақытта тергеу статагенттік төрағасының қаражатты жымқыруға қатысы бар ма, жоқ па екенін анықтап жатыр. Егер оның қатысы барлығы анықталса, онда оның мәртебесіне қарамай, заң шеңберіндегі тиісті процессуалдық шешім қабылданады», - деді ол сәрсенбідегі брифингте.
Алдын хабарланғандай, қаржы полициясы ҚР статистика агенттігінің төраға орынбасары Нұрман Баянов халық санағына деп бөлінген бюджет қаражатын жымқырған деген және агенттіктің төраға орынбасары Бірлік Меңдібаев оған араласқан деген күдікпен тұтқындалды.
Жалпы айтқанда ұлттық халық санағын жүргізуге республикалық бюджеттен 1 млрд 144 млн теңге бөлінген. Тергеу барысында шын мәнінде ұлттық санақ 379 млн теңгеге жүргізілгені анықталған, ал қалған 764,8 млн теңге агенттік басшылары және жеке кәсіпорындардың жетекшілерімен жымқырылған.