Жұма, 4 Қазан 2024
Жағымды жаңалық 11703 14 пікір 5 Маусым, 2017 сағат 17:21

"Әлһамдулилла, 18 миллион қазақ бармыз!”

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті 2017 жылғы қаңтар-сәуірдегі Қазақстан Республикасының демографиялық ахуалы туралы мәліметтер келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Статистика бойынша, 2017 жылғы 1 мамырға еліміздегі халық саны - 17 994,2 мың адам, соның ішінде қалалықтар - 10 345,1 мың (57,5%), ауылдықтар - 7 649,1 мың адам (42,5%). 2016 жылғы 1 мамырмен салыстырғанда халық саны 241,1 мың адамға немесе 1,4% өсті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-сәуірде туғандар саны - 121,5 мың адам, бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 7,4% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға туылғандардың үлесі 20,49.

2017жылғы қаңтар-сәуірде республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 9,0 мың адамға немесе 10,4% кеміп, - 77,2 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,01 адам.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны - 44,3 мың адам, бұл 2016 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 1,5% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға - 7,48 адам.

2017 жылғы қаңтар-сәуірде республикада 1 жасқа дейінгі1054 нәресте өлімі тіркелді. 2016 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 24,5% азайды.

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2017 жылғы қаңтар-сәуірде506 нәресте қайтыс болып, нәрестелерарасындағы жалпы өлім санының 48,0% құрады. Туа біткен ауытқулардан 256 немесе 24,3%, тыныс органдары ауруларынан - 78 немесе 7,4% және жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан - 62 немесе 5,9% нәресте қайтыс болды.  2017 жылғы қаңтар-сәуірде нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 8,68.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-сәуірде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-сәуіпмен салыстырғанда 42,2% көбейіп, 5 888 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 0,8% көбейіп, 7727 адамды құрады, көші-қонның айырымы -1 839 адам болды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүзеге асып жатыр.

· ТМД елдерінен келгендердің үлесі 68,3%;

· ТМД елдерге кеткендердің үлесі 86,9% құрады.

Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 33,8% кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы:

· Астана қаласы - 18052 адам;

· Алматы қаласы - 7 800 адам;

· Ақмола облысы - 1 361 адам;

· Алматы облысы - 814 адам;

· Атырау облысы - 21 адам.
Abai.kz

14 пікір